Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

   

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдаудың тәртібі мен мөлшері бекітілсін.
  2. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 17/5-VII «Тарбағатай ауданынының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру,мәдениет, спорт және  ветеринария  ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету  Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28179 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                                 Аты жөні

 

 

 

 

 

 

          

                                                                                             Шешімге қосымша

 

 

 

     

Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

  1. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Тарбағатай аудандық бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі мәтін бойынша әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,197 (он бір бүтін жүз тоқсан жеті мыңыншы) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      Ұйымдардың бірінші басшылары ұсынылатын алушылар тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

  1. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.




Дата публикации
07 марта 2024