Тарбағатай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабының 2-тармағына, 11 бабының 1-тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Тарбағатай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Тарбағатай ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 13/19-VII шешімінің күші жойылсын
- Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының мәслихатының
төрағасы О. Канагатов
