Тарбағатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамызда № 583 қаулысының (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Тарбағатай ауданының ауылшаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.      3). Осы қаулының орындалуын бақылау Тарбағатай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4) Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

 

      Тарбағатай ауданының әкімі   

       Д. Жоргекбаев

 

 

 

Тарбағатай ауданының
әкімдігінің
 жылғы _________
№  қаулысына қосымша

Тарбағатай  ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№

Орналасқан орны

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1

 Ақжар ауылы, Жамбыл көшесіндегі "Адал" дүкені жанында;

20

5 жыл

азық-түлік тауарлары / азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

2

Ақжар ауылы, Қабанбай батыр атындағы саябақтың ішіндегі алаң;

40

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

3

Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесіндегі дүкендердің жанында;

20

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

4

Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесінің маңы;

10

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

 ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері,

сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

5

Тұғыл ауылы, Тұғыл ауылынан 5 км қашықтықтағы Омск – Майқапшағай республикалық тас жолының маңы;

50

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

 ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері,

сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

6

Тұғыл ауылы, Құсты өзен учаскесінің маңы.

 

15

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

 ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері,

сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ



 

 

           
           
           
           
           
           
           






Дата публикации
28 декабря 2023