2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 108 543,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 490,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 100 053,0 мың теңге;

2) шығындар – 108 543,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 53 343,0 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округ бюджетіне облыстық бюджеттен 55 200,0 мың теңге көлемінде нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

     

 

Дата публикации
25 декабря 2023