|
|
www.stat.gov.kz |
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 9 2023 жылғы 06 желтоқсан |
2022 жылғы Тарбағатай ауданындағы ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері туралы
2022 жылы аудан шаруашылықтарының барлық санаттарымен 7,1 мың тонна немесе 2021 жылғы деңгейге қатысты алғанда 103,6% ет (сойыс салмағында), 60,1 мың тонна барлық түрдегі сүт (тиісінше 99,7%), 1,8 млн. дана жұмыртқа (100,8%), 0,2 мың тонна жүн (100,1%) өндірілді. Ет өндірудің өсіміне ірі қара етін (12%), жылқы етін (7,8%), қой етін (5,1% өткізу көлемінің артуы әсер етті. Сүт өндірудің өсімі - өнімді сиыр үйірінің өсуімен, қамтамасыз етілді. Жұмыртқа өндірудің өсуі тауық мекиендері басының көбейуіне байланысты.
Алдын-ала деректер бойынша мал шаруашылығын өндіру бойынша көлемнің жалпы өсімі 3,8%-ды құрады; өсімге шаруа қожалықтарындағы өндірістің 8,4%-ға, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – 4,4%-ға, жұртшылық шаруашылықтарында – 2,9%-ға артуы әсер етті. Сонымен қатар, мал шаруашылығының жалпы өнімінің айтарлықтай үлесі (54,3%) жұртшылық шаруашылығына тиесілі, шаруа қожалықтарының үлес салмағы 36,1%-ды, ауылшаруашылық кәсіпорындарында – 9,6%-ды құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.
Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.
Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды.
shygys.stat.gov.kz / Ресми статистика
|
Орындаушы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы: А.Е. Умарова Тел. +7 7770635747 |
Мекенжай: 071501, Ақжар ауылы Рысқұлов көшесі, 69 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті