ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 03 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Қабанбай және Жаңаауыл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының әкімді сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Қабанбай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша;
Қабанбай сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 1228 азамат енгізілді, оның 1001 дауыс беруге қатысты.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып Малгаждаров Сакен Ануарбекович сайланды, 1967 жылы туылған, «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ. Ауылдық округ әкімі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы , өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 04 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 04 желтоқсанда Тарбағатай ауданыны Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Малгаждаров Сакен Ануарбекович тіркелді.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы