Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасына 103 жыл
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8 қаршадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-ы мемлекеттік стаистикасы туралы Ережені» бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8 қарашасы болып қабылданды.
Статистиктердің өмірінде маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Президентінің «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына қол қоюы болды. Ол Заңда мемлекеттік статистика органдарының құқықтары мен міндеттері, статистикалық есептердің уақытылы және сапалы жасалуы және тапсырылуы үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі белгіленеді.
Статистикалық деректердің сапасына заманауи талаптардың деңгейі өте жоғары. Статистикадағы сапа тұжырымдамасы деректердің уақытылығы және қамтуымен ғана шектеліп қоймайды. Ақпарат рөлі бұлжымай жоғарылауда. Статистикалық деректер экометриялық үлгілерде, ғылыми зерттеулерде, болжауда және маңызды мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Статистикалық деректердің сапасының негізі құрамдас бөліктері салыстырымдылық және пайланушылар үшін қолжетімділік, сонымен қатар, экономиканың және оның жеке салаларының бәсекелестік қабілеті үшін әртүрлі біріктірме көрсеткіштерінің өндірісі болып табылады.
Көптеген адамдарға статистика жай ғана сандар болып көрінеді. Сандар адамдардың өмірінде барлық жерде. Ол деректерді жай ғана өңдеу жеткіліксіз. Статистиктер оларды нақты түрде көрсетуге, күнделікті өмірде оларға мән-мағына және релеванттық беруге жауапты.
Статистика органдары ақпаратты пайдаланушылардың қойған талаптарына сай келу үшін өздерінің күш-жігер, шеберліктерін салып аянбай еңбек етуде.