26 қыркүйек 2023 жылғы жергілікті «Тұғырлы Тарбағатай» газетінде жарияланған ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру конкурстарын ұйымдастыру жөнінде жарияланған жер телімдеріне «Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі құжаттарды қабылдау 29.09.2023 жылы сағат 18:00 де аяқталып, 36 өтініш түсті. 02 қазан 2023 жылғы конкурстық комиссия отырысы нәтижелерінің қорытындысына сәйкес жиыны 11 Лоттың женімпазы анықталып, 5 Лотқа екі өтінімнен кем түсуіне байланысты және 5 Лотқа өтінім түспеуіне байланысты кейінге қалтырылды қайта конкурс өткізіледі және қосымша хабарланатын болады.
Дата публикации
04 октября 2023