2023-2024 жылдардағы білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы

Бүгін 2023-2024 жылдардағы  білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комитет «Тарбағатай ауданының білім беру бөлімі»ММ-нің қоғамдық кеңес алдындағы есебін тыңдадық.  Есепке білім беру бөлімі басшысы және мамандары қатысты. Ауданымызда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау бойынша білім беру мекемелері тұрақты негiзде жұмыс жүргiзуде.

Орта бiлiм беру ұйымдарының басшылары жылына 2 рет, ал кейбiр бiлiм беру ұйымдарында 1 рет есеп беру кездесулерiн өткiзедi, онда ата-аналар комитетi мен педагогикалық ұжым мектептi ұстауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың жұмсалғаны туралы хабардар етiледi.

Бiлiм беру ұйымдарында жалпыға қолжетiмдi орындарда, сайттарда, стендтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ақпарат (үгiт парақшалары, плакаттар, өткiзiлетiн iс-шаралар және т.б.) тұрақты негiзде орналастырылады.

Жиын қортындысында қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлық фактiлерiне жол бермеу бiлiм беру бөлiмi басшысының және бiлiм беру ұйымдары директорларының тұрақты бақылауында болуы қажетігіне тоқталды.

Дата публикации
23 сентября 2023