2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының
депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
Сайлауды ұйымдастырушыларға және сайлау процесінің өзге де қатысушыларына арналған әдістемелік нұсқаулық
«Кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін
мемлекеттік қаржыландыру»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 33-бабы 2-тармағының 2, 3, 4 тармақшаларына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшерде:
Сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздеріне;
кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс- шараларын өткізуге және Сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;
кандидаттардың көлік шығыстары жабылады.
Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың сайлау алдындағы үгітке арналған шығыстарының мөлшерлері ҚР ОСК қаулыларымен белгіленеді және www.election.gov.kz сайтында орналастырылады.
арналған қаражатты бөлу және оларды жұмсау кандидаттардың тәртібі
Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын кандидаттық шығыстар
169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы жүзеге асырылады.
Осы шоттарға түсетін бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары (бұдан әрі - АСК) жүзеге асырады. Тиісінше,
|
АСК қызмет көрсетушімен қосымша шарттар жасаспай, кандидаттық шығыстарды төлеу рәсімін жүзеге асырады. |
«Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» ҚР ОСК 25.08.2018 жылғы №12/202 қаулысының 3-тармағына сәйкес (1-қосымша) кандидат (немесе оның сенім білдірілген адамы) осы қызметті берушімен жасалған шартты аумақтық сайлау комиссиясына ұсынады, онда көрсетілетін қызметтің бағасы көрсетілуі тиіс.
Жасалған шарттың «Төлем шарттары» бөлімінде көрсетілген қызметтер үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізетінін көрсету ұсынылады.
Шығарылған үгіт материалдары республикалық бюджет қаражатынан төленгені туралы ақпаратпен таңбаланады.
Қызметтерге ақы төлеуді АСК кандидаттың қызмет көрсетуші берген шотты ұсынған сәтінен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады.
Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлеміне кепілдік береді:
теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) –15 минут
радиода - 10 минут
мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын 2 мақала жариялау үшін.
Баспа парағын 60х90см, ауданы 540 см2 қағаз парағы деп түсіну керек. 0,1 баспа парағының көлемі 540 см2 ауданға тең, бұл А-2 форматындағы газет жолағының ¼ құрайды.
Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдарда, теле-, радиоарналарда жарияланымдар көлемін дербес қайта бөле алады.
Кандидаттар нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде іс-әрекеттер жасауды (шарттарға және өзге де қаржылық құжаттарға қол қоюды) сенім білдірілген адамға сеніп тапсыруға құқылы.
Кандидат АСК-ға көрсетілетін қызметтерді берушімен жасалған шартты, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерін, кандидат (немесе олардың сенім білдірілген адамы) қол қойған жүкқұжаттарды және оларға шот-фактураны ұсынады.
Орындалған жұмыстардың актілері газетте мақалалар жариялау, теледидар мен радиода сөйлеу, көлік шығыстары кезінде, сондай-ақ үй-жайды жалға алған кезде ұсынылады.
Таратылатын үгіт материалын (парақшалар, брошюралар, футболкалар, бейсбол қалпақшалары және т.б.) дайындау және шығару кезінде кандидат (не оның сенім білдірілген адамы) кандидат не оның сенім білдірген адамы қол қойған жүкқұжаттарды ұсынады.
Кандидаттың көлік шығыстары (көлікті жалға алу, жанар-жағармай материалдарын сатып алу) - кандидат көрсетілетін қызметтерді берушімен жасалған шартты, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерін, кандидат (немесе олардың сенім білдірілген адамы) қол қойған жүкқұжаттарды және оларға шот-фактураны ұсынады.
Кандидаттың өнім берушімен жасасқан шарттары клиент-Қазынашылық ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.
Төлем мақсатындағы төлемшотында кандидаттың Т.А.Ә. (қазынашылық үшін міндетті шарт емес), шығыстың тиісті түрін, оның негізінде төлем жүргізілетін растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсету қажет.
Орындалған жұмыстардың барлық бастапқы құжаттары мен актілері тыныштық күні (дауыс берiлетiн күннің алдындағы күні) басталғанға дейін тиісті АСК-ға ұсынылуы тиіс.
3.1 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 125-бабына сәйкес кандидат сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібі бұзылған жағдайда әкімшілік жауаптылықта болады.
Республикалық бюджеттен сайлау алдындағы үгіт жүргізуге бөлінген қаражатты депутаттыққа кандидаттардың мақсатсыз жұмсауы 5 АЕК (5 АЕК *3 450 теңге = 17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Анықтама
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленген.
2023 жылға АЕК 3 450 теңгені құрайды.
қосымша 1
Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17426 болып тіркелді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
К. Петров |
|
Қазақстан Республикасы |
Б. Мелдешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
Қазақстан Республикасы |
Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері
1-тарау Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қызметтер үшін төлем жүргізу кандидаттың қызметтерді жеткізуші ұсынған шотты берген кезінен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады.
Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемі 5400 см2 қағаз бетін түсіну керек. Көлемі 0,1 баспа табақ 540 см2 ауданға тең болады, бұл А-2 форматындағы газет бетінің ¼ құрайды.