2023 жылғы 29 қазанға тағайындалғанШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 29 тамыздағы № 01-03/17 қаулысына

қосымша

 

 

2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша  сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың 

Күнтізбелік жоспары

 

  1. Шығып қалғандар орнына мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 29 тамыз

(14-баптың 2-3-тармақтары, 101-баптың 3-1-тармағы)

 

  1. Сайлау күні туралы хабарлама жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 29 тамыз

(101-баптың 6-тармағы)

 

  1. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

(22-баптың 2, 2-1 тармақтары)

 

  1. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы, Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

(13-баптың 4-тармағы, 15-1-баптың 3-тармағы)

 

  1. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Зайсан және Тарбағатай аудандарының әкімдері

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

(23-баптың 5-тармағы)

 

  1. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

2023 жылғы 13 қыркүйектен кешіктірмей

(17-баптың 2-тармағы)

 

  1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және заңнамада көзделген құжаттарды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

Азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы және

Тиісті филиалдың (өкілдіктің), өзге де қоғамдық бірлестіктің саяси партиясының жоғары басқарушы органы

30 тамызда басталып, 2023 жылдың

28 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(103-бап)

 

  1. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

№ 13 облыстық округтік комиссия,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-бап, 103-баптың 6-тармағы)

 

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация беру

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Тіркеуге дейін

(104-баптың 2-тармағы)

 

  1. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

№ 13 облыстық округтік комиссия

30 тамызда басталып, 2023 жылдың 03 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(104-бап)

 

  1. Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына кандидаттарды тіркеу туралы хаттама ұсыну

№ 13 облыстық округтік комиссия

Тіркелген күннен бастап бес күн мерзімде

(104-баптың 5-тармағы)

 

  1. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

№ 13 облыстық округтік комиссия

Тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

(16-1-баптың 6) тармақшасы,

104-баптың 6-1-тармағының 1) тармақшасы)

 

  1. Кандидаттардың сенімді тұлғаларын тіркеу

№ 13 облыстық округтік комиссия,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Тіркелу үшін сенімді тұлғалардың тізімін ұсынғаннан

кейін

(16-1-баптың 6) тармақшасы, 31-бап)

 

  1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-баптың 2-тармағы)

 

  1. Кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу

№ 13 облыстық округтік комиссия,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін

(34-баптың 6-тармағы)

 

  1. Кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

№ 13 облыстық округтік комиссия,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Айына екі рет

Ереженің 23-тармағы

 

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

Зайсан және Тарбағатай аудандарының жергілікті атқарушы органдары, Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 03 қазанға дейін

(28-баптың 6-тармағы)

 

  1. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

03 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылдың 28 қазанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-баптың 2-тармағы)

 

  1. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергілікті атқарушы органдар, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы, Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

(28-баптың 4-тармағы)

 

  1. Учаскелік сайлау комиссиясына әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін акт бойынша ұсыну

Зайсан және Тарбағатай аудандарының әкімдері

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2023 жылғы 08 қазанға дейін

(26-1-баптың 1-тармағы)

 

  1. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2023 жылғы 13 қазаннан бастап

(26-баптың 1-тармағы)

 

  1. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 19 қазанға дейін

(18-баптың 5) тармақшасы, 38-баптың 2-тармағы)

 

  1. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 19 қазанға дейін

(38-баптың 1-тармағы)

 

  1. Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы,

Зайсан және Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 26 қазаннан ерте емес және 28 қазанға дейін

(37-баптың 3-тармағы)

 

  1. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Егер дауыс берудің өзге басталу уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(38-баптың 1-тармағы, 40-баптың 1-тармағы)

 

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе

(38-баптың 1-тармағы)

  1. Сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің аяқталуының өзге уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-баптың 8) тармақшасы, 43-бап)

 

  1. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-баптың 8-тармағы)

 

  1. № 13 округтік сайлау комиссиясына сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-баптың 1-тармағы)

 

  1. №13 округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына ұсыну

№ 13 округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-баптың 1-тармағы)

 

  1. Шығып қалған депутаттың орнына № 13 округ бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутатын сайлау қорытындыларын белгілеу

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей.

2023 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей

(111-баптың 1-тармағы)

 

  1. Шығып қалған депутаттың орнына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 13 округ бойынша депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей

(14-баптың 9) тармақшасы, 44-баптың 4-тармағының

2) тармақшасы)

 

  1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 13 округ бойынша шығып қалған дедутаттың орнына сайланған депутатты куәлікті және төсбелгіні тапсырумен бірге тіркеу

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

(14-баптың 9) тармақшасы, 46-баптың 3-тармағының

  • тармақшасы, 112-баптың 1-тармағы)

 

  1. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері және бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты жариялау

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде

(34-баптың 4-тармағы)

 

 

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына және Сайлау қорының қаражатын жұмсаудың арнайы уақытша шотын ашу қағидаларына сілтемелер беріледі (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 Қаулысы).

Дата публикации
29 августа 2023