Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы
2023 жылғы 29 тамыздағы № 01-03/17 қаулысы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутатын сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3, 3-1-тармақтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутатын сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутаты сайлауын әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы аудандық «Достық», «Тұғырлы Тарбағатай» газеттерінде және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының, Зайсан және Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылсын.
Төраға Е. Нәбиев
Хатшы Л. Ғабдуллина