«Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы хаттамасы
2023 жыл 21 маусым «Тарбағатай ауданы
әкімінің аппараты» ММ
Төрағалық етуші : Жоламанов Жанат Жоламанович - аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобының төрағасы.
Хатшы: Мұрат Дина - аудан әкімі аппаратының әдіскері, жұмыс тобының хатшысы .
Күн тәртібінде: «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау.
Жиынға қатысушылар:
- Калимова Жадыра Зейнельканована - аудан әкімінің заң қызыметі жөніндегі бас инспекторы;
- - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді монитрингілеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
Тыңдалды:
- Төрағалық етушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! 2023 жылдың 1 маусымынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды. Қай бөлімде қандай тәуекелдер бар екенін қарастырайық!
- Аудан әкімінің заң қызыметі жөніндегі бас инспекторы, аудан әкімінің персоналды басқару жөніндегі бас инспекторының міндетін атқарушы - Калимова Жадыра Зейнельканована: Сәлеметсіздер ме! Персоналды басқару қызметі бойынша 3 тәуекел анықталды. Бірінші, лауазымға іріктеу және тағайындау міселесінің реттелмеуі. Екінші, лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі. Үшінші, заңнаманы бұзған немесе оған жол берген адамдарға тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану.
- Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді монитрингілеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Сауытжан Әдия Сейтахметқызы: Сәлеметсіздер ме! Мемлекеттік қызметті көрсету бағыты бойынша 3 тәуекел анықталды. Бірінші, көрсеткіш бойынша: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру. Екінші, техникалық байқау визуалды түрде ешқандай құрал-жабдықтарсыз өткізіледі. Үшінші, мүгедектің жақын туыстарының қызмет көрсетуі бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін тудырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау нәтижелерінде жұмыс тобы келесідей тұжырымға келді:
- Маусым айының аяғына дейін барлық мекемелердің талдамалық анықтамаларын жинау.
- 2023 жылдығ 10 шілдесіне дейін Тарбағатай ауданы бойынша жиынтық талдамалық анықтаманы әзірлеу.
|
Аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобының төрағасы
Аудан әкімінің заң қызыметі жөніндегі бас инспекторы
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді монитрингілеу бөлімі басшысының
міндетін атқарушы басшысының міндетін атқарушы
Аудан әкімі аппаратының әдіскері,
жұмыс тобының хатшысы
|
Ж. Жоламанович
Ж. Калимова
Ә. Сауытжан
Д. Мұрат
|