Тарбағатай ауданының халқының саны туралы

Тарбағатай ауданының халқының саны туралы

 

 

2023 жылғы 1 қаңтарға Тарбағатай ауданында 19326 адам тұрады. Облыстардың бөлінуіне байланысты бір жылда халық саны 18055 адамға азайды. Барлық ауданның халқы-100%, ауыл тұрғындары.

Жалпы халық санынан 2023 жылдың 1 қаңтарына 10089 ерлер (52,2%) және 9237 әйелдер (47,8%) тұрады.

2023 жылдың басына аудан халқының жас құрамы мынадай: 15 жасқа дейінгі балалар 6176 адамды құрады немесе 31,9%, 16-62(60) жас аралығындағы адамдар – 10609 адамды құрады, немесе 55%, 63(61) жас және одан жоғары жастағылар – 2541 адамды құрады, немесе 13,1%.

Ауданның негізгі этникалық құрамының 98,8%- қазақтар құрады. Қалған этностардың әрқайсысының жеке үлес салмағы аудан халқының жалпы санының бір пайызына да жетпейді.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

 

Халық саны - осы берілген уақыт мезетінде осы аумақта тұрып жатқан адамдар саны. Жыл басына ағымдағы бағалау - халық санағының соңғы қорытындысы негізінде есептеліп, оған сол аумақта туылғандары мен тұрақты тұрғылықты орынға келгендерінің саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен тұрақты тұрғылықты орынға кеткендерінің саны шегеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/Ресми статистика/Салалар бойынша/Демографиялық статистика

 

Орындаушы:

А.Е. Умарова

Тел. +7 7770635747

Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы:

Умарова А.Е.

Тел. +7 7770635747

 

Адрес:

071501, Ақжар ауылы

Рысқұлов көшесі, 69

 

                                                                                                                                                              © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

 

 

Дата публикации
24 июля 2023