Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2023 жылғы ____________
№ ___________ шешіміне
қосымша

 

Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы ереже

 

  1. Осы Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін регламенттейді.
  2. Құрмет грамотасы маңызды моральдық ынталандырудың бірі, қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.
  3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Тарбағатай ауданының алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.
  4. Құрмет грамотасын Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Тарбағатай ауданының әкімі тапсырады.
  5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатқа еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, саяси партиялар, заңды тұлғалар, өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық мүдделерді білдіретін бастамашыл топтар бастамашы бола алады.

Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.

  1. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Тарбағатай ауданының депутаттары кіреді.

Комиссия төрағадан, орынбасардан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.

Тарбағатай ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.

  1. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
  2. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
  3. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
  4. Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.
  5. Қолдаухатта осы Ереженің 3-тармағындағы кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері, сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірмесі көрсетіледі және Комиссияның қарауына жіберіледі:

1) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы;

2) білімі туралы мәліметтер;

3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;

4) еңбек қызметінің мәліметтері;

5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;

6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.

  1. Құрмет грамотасымен:

Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар марапатталмайды.

  1. Құрмет грамотасы:

1) тиісінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;

2) Тарбағатай ауданының әкімі қол қояды;

3) Тарбағатай ауданының әкімі немесе оның уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.

  1. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқасы берілмейді.
  2. Құрмет грамотасының бланкілері мен оның папкасын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.

 

Дата публикации
11 июля 2023