Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 438 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 438 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8753 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Тарбағатай ауданының әкімі
|
Д.Жоргекбаев
|
|
|
2021 жылғы 29 сәуірдегі № 438 қаулысына қосымша
|
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
- Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
- Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
- Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3.Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
- Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
- Психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6.Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
7.Жұмыспен қамту орталығының директоры және мамандары;
- Ассистенттер;
- Жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөнінде консультант;
- Оңалту орталығының директоры;
- Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
- Медбике, мейіргер;
- Массажист;
- Тәрбиеші;
- Психолог;
- Еңбек мұғалімі;
- Логопед;
- Емдік дене шынықтыру мұғалімі;
- Музыка мұғалімі;
- Мәдениұйымдастырушы;
- Психиатр.
- Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары:
- Директор;
- Директордың орынбасары;
- Әдіскерлер;
- Жастармен жұмыс әдіскерлері;
- Концерт ұйымдастыратын менеджерлер;
- Әртістер;
- Мәдени жұмыстарды ұйымдастырушылар ;
- Бишілер дайындаушы;
- Сүйемелдеуші;
- Өткізгіш;
- Режиссер;
12.Театр суретшісі;
- Концерт ұйымдастырушы;
- Көмекші режиссер;
- Мавзолей жетекшісі;
- Ансамбль жетекшісі;
- Эстрада жетекшісі;
- Маман (дамыған өнер);
- Кітапхана меңгерушісі;
- Кітапханашы;
- Библиограф;
- Музыкалық оператор.