ЖОБА
Шығыс қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 30/2-VII «2023-2025 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 948 585,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 040 318,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 968,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2169,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 905 130,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 939 314,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 527,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 82 800,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 28 273,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -45 255,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 45255,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 82 800,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу –28 273,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – -9271,1 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Лауазымы Т.А.Ж