Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2022 жылы жеке және заңды тұлғаларға -2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 1 «электронды үкімет порталы», 0 альтернативті қызмет арқылы көрсетілді. 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ. Ең көп талап етілетін қызметтер:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөнінде анықтама беру;
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру;
Жоғары өткізу қабілеті бар интернетке қосылған ауылдық округ әкімі аппараты базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жауапты маман бекітілді.
Білім бөлімінің сайтында және әлеуметтік беттерінде халықтың цифрлық сауаттылығы бойынша курстарды өткізу туралы ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.