ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Қабанбай және Құйған ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының әкімді сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Қабанбай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Қабанбай сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 1286 азамат енгізілді, оның 1004 дауыс беруге қатысты.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып Копирбаев Каныбек Жумабекович сайланды, 1981 жылы туылған, «ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының ШЖҚ «Тарбағатай Вет» ветеринар дәрігері. Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда Тарбағатай ауданыны Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Копирбаев Каныбек Жумабекович тіркелді.
Құйған ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Құйған сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 864 азамат енгізілді, оның 685 сайлаушы дауыс беруге қатысты.
Құйған ауылдық округінің әкімі болып Дайранов Бекбол Бакытбекович сайланды, 1973 жылы туылған, Тарбағатай аудандық ветеринариялық лабороториясының меңгерушісі, Тарбағатай ауданы Құйған ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда Тарбағатай ауданының |Құйған ауылдық округінің әкімі болып сайланған Дайранов Бекбол Бакытбекович тіркелді.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы