ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Қабанбай және Құйған ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының әкімді сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Қабанбай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Қабанбай сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 1286 азамат енгізілді, оның 1004 дауыс беруге қатысты.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып Копирбаев Каныбек Жумабекович сайланды, 1981 жылы туылған, «ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының ШЖҚ «Тарбағатай Вет» ветеринар дәрігері. Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда Тарбағатай ауданыны Қабанбай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Копирбаев Каныбек Жумабекович тіркелді.