Шешім жобасы
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №65-4 «Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
шешіміне қосымша
|
Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындар және олардың шекті толу нормалары
|
р/с |
Мамандандырылған орын |
Шекті толу |
|
1. |
Ақжар ауылы, Мұхамади және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы Жамбыл көшесінің бойы |
70 адамнан |
|
2. |
Жамбыл көшесінің бойындағы «Тәуке» саябағының алды |
70 адамнан |
|
шешіміне қосымша
|
Тарбағатай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1) жаппай жерлеу орындары;
2) автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.