Аудан әкімі Дархан Шомпайұлы Жөргекбаевтың қаңтар айындағы аудан аумағындағы елді-мекендердегі халықпен тұрақты кездесулерінде көтерілген ұсыныс-тілектер

Р/с

Аты жөні,

ауылдық округ атауы

Қойылған сұрақтар

Қайтарылған жауаптар

№

1

2

3

 

 

 

1

 

 

 

Ә. Тисанов (Ахметбұлақ ауылы, Жаңаауыл а/о)

Жаңаауыл ауылынан салынатын төрт- түлікті егу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу орны Ахметбұлақ ауылынан салынса, себебі бұл ауылда Жаңаауыл ауылынан қарағанда мал саны көп деген тілегін жеткізді. Су мұнарасы ескіріп тұрғандықтан орнына жаңадан қойылса себебі Ахметбұлақтағы ең өзекті мәселе - су мәселесі болып табылады. Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында мектепте бүгінгі күні мәдени және спорттық мақсатта пайдаланып отырған зал кешкілік уақытта үстел теннисі және басқа да қолайлы спорт түрлерімен айналысуға берілсе, себебі ауылда жастардың бас қосатын басқа орнының жоқтығын жеткізді.

 

Төрт-түлікті егу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу орнының Жаңаауыл ауылынан салынатын себебі, біріншіден ауылдық округ орталығы болып табылады, екіншіден барлық елді-мекен тұрғындарына да қатынауға оңай болады. Мәдени және спорттық мақсатта пайдаланып отырған залды жастарға күндіз дебаттар, мәдени іс-шаралар өткізуге немесе кешкілік спортпен айналысуға пайдалануға рұсат етілді. Су мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен «Ақжар» МКК-не тапсырма берілді.

 

 

2

 

 

И. Сармолдина

(Ахметбұлақ ауылы, Жаңаауыл а/о)

Мектепте тұрған интернет құрылғысының лимиті ауылға интернет желісі орнатылғанша көбейтілсе, себебі ауылда байланыс жоқ кешкілік жастар бір мәрте интернетке кіріп қажетті мағұлматтарын алса деген ұсынысын білдірді. Ауылдағы фельдшер маман баспанамен қамтамасыз етілсе, себебі ол маман жұмысқа ауылдық округ орталығынан қатынайтынын жеткізді. Ал, бұл өз кезегінде халыққа қолайсыз, ауыл халқының денсаулығы сыр бере қала жағдайда медицина маманының ауылда болғаны жөн екенін айтты. Ауылдағы «Ақ әжелер» клубына биыл 15 жыл толатынын, соған орай мерейтойлық кеш ұйымдастырмақ ниеттері барын, тек басты мәселе бұл клубқа аппаратуралық құрылғылардың жоқтығын жеткізе отырып, осыған өз тарапынан көмек көрсетуін сұрады. Сонымен қатар ауылдық округ әкімі ауылға келіп халықтың жағдайын біліп, кездесу өткізіп тұрса деген ұсынысын жеткізді.

 

Интернет мәселесі бойынша ШҚО білім басқармасының Тарбағатай аудандық білім бөліміне Ахметбұлақ орта мектебіндегі интернет трафикті ұлғайту мүмкіншілігі болған жағдайда, оны ұлғайту бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу бойынша тапсырма берілді.  Фельдшер маманды баспанамен қамтамасыз ету бойынша жас мамандарға арнап баспаналар салынған жағдайда міндетті түрде баспанамен қамтамасыз етілетін болады деген жауап қайтарылды. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне «Ақ әжелер» клубына қажетті музыкалық аппаратуралық құрылғылар тізімін жасап, оларды алу жолдарын қарастыру туралы тапсырма берілді.            

 

 

3

 

 

Ү. Маңғыбаева (Жаңаталап ауылы, Жаңаауыл а/о)

Ауыл маңында жайылым жерлердің жоқтығы туралы мәселені көтере отырып, Жаңаталап ауылының маңынан жайылымдық жер берілсе деген ұсыныс білдірді. Ауылда медициналық пункт салынса, сонымен қатар жол және су мәселелерін көтерді.

 

Аудан әкімі ауыл ішінде сауын сиырларды ғана қалдырып, қалған мал басын жайлауға шығару қажет. Себебі, олар ауыл ішін ластайтынын айтты және Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты елді-мекендердің жайылымщдық жерлері кімге тиесілі, заңды пайдалануда ма анықтау үшін тиесілі жұмыстар атқаруға тапсырма берді. Сондай-ақ биылғы жылы Ұлттық жобаға аясында Тарбағатай ауданының 9 елді-мекенінде, соның ішінде Жаңаталап ауылында медициналық пунктің құрылысы басталатыны жайлы түсіндіріп өтті.

 

 

4

 

Б. Ибраев (Жаңаталап ауылы, Жаңаауыл а/о)

Жаз мезгілінде төрт түлікті жайлауға шығару кезінде мәселе туындайтынын, ол Ахметбұлақ ауылы мен Жаңаталап ауылының арасындағы бос жерді Тұғыл ауылының тұрғыны Жанболат есімді азамат иемденіп алуы екенін жеткізіп, осы мәселені заңдылыққа сәйкес шешіп беруді және Жаңаталап ауылы шекараның маңында орналасқандықтан қажет болған жағдайда торды ашып отырса, себебі денсаулыққа байланысты мәселелер туындаған жағдайда тордан өту қажеттілігі туындайтынын жеткізді. 

 

Жерді иемденіп алу бойынша аудандық ауыл шаруалығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне бұл сұрақты зерттеп, заң аясында шешу бойынша тапсырма берілді. Тор мәселесі бойынша Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысына және Жаңаауыл ауылдық округінің әкіміне Ұлттық қауіпсіздік комитететінің, шекара бөлімінің тиесілі мамандарымен келісімге келу арқылы Жаңаталап ауылының маңындағы торды халыққа аса қажет болған жағдайда ашып отыру үшін тиісті іс-шаралар атқаруға тапсырма берілді.

 

 

5

 

 

Г. Түктібаева (Жаңаталап ауылы, Жаңаауыл а/о)

Жаз мезгілінде ауыл маңындағы шабындық жеріне Ахметбұлақ ауылының азаматы төрт-түлігін жаятынын, ал бұл мезетте өзі жайлауда жүргендіктен жайылымдық жерді күзете алмайтынын айтып, осы мәселенің шешімін заң аясында түсіндіріп берсеңіздер деген сауалын жолдады.

 

Жерді иемденіп алу бойынша Жаңаауыл ауылдық округінің әкіміне Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты учаскелік полция инспекторымен (келісім бойынша)  бірлесе отырып, ауыл маңындағы жерлерді заң аясында пайлану қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

 

 

 

6

 

 

Қ. Нұрахметов (Жаңаауыл ауылы, Жаңаауыл а/о)

Аудан әкімінің халықпен кездесулеріне ауылдық округ әкімі мен тұрығындар бірлесе отырып қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, Жаңаауыл ауылындағы негізгі мәселе ауыл маңындағы шаруашылық жерлерінің қазығын қағылса және ауылда мал кезегі белгілі бір жүйемен реттеліп, ұйымдастырылса деген пікір білдірді.

 

Жаңаауыл ауылдық округінің әкіміне ауылдағы мал кезегін белгілі бір жүйемен реттеліп, ұйымдастыруға байланысты тапсырма берілді.

7

И. Қалитова (Жаңаауыл ауылы, Жаңаауыл а/о)

Аудан әкімінің ауыл шауруашылығы кооперативтерін құруымыз қажет деген үндеуінен кейін ауыл шауруашылығы кооперативтерін құру бойынша ең аз дегенде қанша адам бірігуі қажет, оған жобалық-сметалық құжаттамалары жасалуы қажет пе және осы істі бастау үшін қайдан барып толық мағылмат алуға болатыны жайлы сауалдарын жолдады.

 

Аудан әкімі барынша көбірек шаруа қожалықтары біріксе тиімді болатынын және  жобалық-сметалық құжаттамалары жасалуы қажет екенін және аудандық ауыл шаруалығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне жолығу арқылы толыққанды мағұлмат алуға болатынын түсіндіріп өтті.

8

І. Чердуханов (Жаңаауыл ауылы, Жаңаауыл а/о)

Соңғы жылдары белгілі себептерге байланысты өткізілмей кеткен аудан әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындары биылғы жылы ұйымдастырылса деген ұсынысын білдірді.

 

Аудан әкімі биылғы жылы аудан әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындары мамыр айына жоспарланғанын және қандай спорт түрлері қамтылғаны жайында түсіндіріп өтті.

 

 

9

 

 

К. Балтабаева (Жаңаауыл ауылы, Жаңаауыл а/о)

Жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген кітапхананың сөресі жаңа кітаптармен толықса және осы кітаптарды орналастырғанға кітап сөрелерін жаңалауға қаржылай көмек көрсетсеңіз деген ұсыныс-тілегін білдірді.

 

Аудандық экономика және қаржы бөліміне және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне 2023 жылдың жергілікті бюджеті есебінен Жаңаауыл ауылының кітапханасына қажетті құрал-жабдықтар алу үшін 1 млн тг. қаражат қарастыруға тапсырма берілді.

 

 

 

10

 

 

Ш. Табиева

(Бозша ауылы, Маңырақ а/о)

Аудан әкімінің осының алдындағы халықпен кездесуінде Бозша ауылындағы орта мектептке интерактивті тақта орналтылса деген ұсынысын білдергенін, ол жайында аудан әкімі бір шешімін қарастырып көретінін жеткізгенін, соны қазіргі күні алуға мүмкіншілік туындады ма деген сауалын жолдады.

 

Интерактивті тақта бойынша аудан әкімі аудандық білімі облысқа қарайтынын бұл жайында бөлім басшысы облыстық білім басқармасына хат жолдағанын, бүгінгі күні жауабын күтіп отырдағыны жайлы айтып өтті.

11

Қ. Муқсинов

(Бозша ауылы, Маңырақ а/о)

Ауыл ішіндегі су колонкаласының істен шығуына байланысты, жөндеу жұмыстары жүзіліп, қайта іске қосылады ма деген сұрақ қойды.

 

Аудан әкімі қазіргі таңда су колонкаларының өндірілмейтінін айтып, бүгінгі таңда Бозша ауылындағы су колонкасын «Ақжар» МКК-ны жөндеу жатқандығын айтып өтті.

 

 

 

 

 

12

 

 

 

Ж. Қабдолдин

(Маңырақ ауылы, Маңырақ а/о)

Аудан әкімінің ауылдарды аралап, халықпен кездесу ұйымдастырып жатқаны әсіресе шет ауылдардың тыныс-тіршілігімен жете танысып жатқанына алғысын білдірді. Ауылшарушылық коперативтерін ашу туралы аудан әкімінің идеясын қолдайтыны және осыған ауыл азаматтары бірігіп, ұжымдасып осы бастаманы жүзеге асыруы тиіс екенін жеткізді. Ауыл әкімі мен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп жұмыс атқаруы қажет екенін айтты. Маңырақ ауылындағы медициналық пунктің жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер жұмысшыларға жалақыларын төлегмегенін және бүгінгі сот процесуалдық іс-шаралар болып жатқанын жеткізіп, сол жұмысшылар ендігі кезекте жалақыларын ала алама деген сауалын жолдады.

 

Мердігер компанияның жұмысына тапсырыс беруші, яғни Тарбағатай аудандық аруханасы араласа алмайтынын, себебі олар өз кезегінде медициналық пунктің жөндеу жұмыстары аяқталған соң қабылдап алғандарын, ал жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақыларына тікелей мердігер жауапты екендігі жайында заң аясында түсіндіріп өтті.

 

 

13

 

 

Б. Такиров

(Маңырақ ауылы, Маңырақ а/о)

Маңырақ ауылының маңында орналасқан Сеңгір баларлардың демалысы орнының материалдық-техникалық базасының ескіріп тұрғанын, осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттарының дайын тұрғандығын жеткізіп, жөндеу жұмыстары жақын арада орын алады деген сұрағын жолдады.

 

Аудан әкімі Маңырақ ауылының маңында орналасқан Сеңгір баларлардың демалысы орнының қазіргі жай-күйімен таныс екенін, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің атынан облыстық білім басқармасына хат жолданғанын, бүгінгі таңда басқарма тарапынан жауап күтіп отырғанын жеткізді.

 

 

 

14

 

 

 

М. Болатұлы

(Маңырақ ауылы, Маңырақ а/о)

Ауыл ішіне асфальт жамылғысының жақын арада жаңадан төселгенін дегенмен шеті дұрыс жасалмағанын, жолдың жиегіндегі тастар машинаға зиянын келтіріп жатқанын айтып, оларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме, ауыл ішіндегі су құбыры желілерінің құдықтары бар бірақ олар әлі іске қосылмады, осы бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі және ауылдағы медиициналық пунктің жиһазы алынады ма деген сұрақтар қойды.

 

Ауыл ішінде салынған асфальт жамылғысына қатысты Маңырақ ауылдық округінің әкімі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылдық округтегі қоғамдық кеңес қабылдап алғандарын, жолдың сапасы белгіленген стандартқа сай жасалғаны жайлы түсіндіріп өтті.

 

 

 

15

 

 

 

Д. Қабибиев

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Жаңатілеу ауылындағы клуб үйіне музыкалық аппаратуралық құрылғылар алынса деген ұсыныс-тілегін білдірді.

 

Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне және Ақжар ауылдық округінің әкіміне  Жаңатілеу клуб үйіне жылыту және жарық құрылғыларын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Жаңатілеу клуб үйінің штаттық құрылымына және Ақжар мәдениет үйінен аппаратуралық құрылғылар алу үшін тиісті жұмыстар атқаруға тапсырма берілді.

 

 

16

 

 

Г. Дөңсебаева

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Жедел-жәрдемді шақыру қызметінің қазіргі жүйесіне көңілі тоймайтынын, бір апта бұрын денсаулығы сыр беріп, жедел-жәрдемге хабарласқынын, ол қоңырау облыс орталығы Өскемен қаласына түсіп олар барлық мағұлматтарды сұрайтынын, ал ол кезде қатты ауырып тұрған адамға бұл сауалдарға жауап беру оңайға соқпайтынын, сырқаттанушыға ең бастысы жедел-жәрдем қызметінің жылдам жеткені маңызды екенін жеткізіп, осы жүйе бір шешімін табады ма екен сауалын жолдады.

 

Аудан әкімі жедел-жәрдемді шақыру қызметінің қазіргі жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс жасалмағаны бүгінгі таңда бұл жүйеге өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жайында түсіндіріп өтті. 

 

 

17

 

Ж. Уразов

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Өзеннен құм алатын жерлер барма, қай жерлерден алуға болады деген сұрақтар қойды. Құм, топырақ алатын арнайы орындар жасалса деген ұсынысын білдірді.

Өзен маңынан немесе ішінен құм алуға болмайтыны жайлы түсінідіріп өтіп, алдағы уақытта құм, топырақ алатын арнайы орындар жасалатыныны жайлы аудан әкімі жауап беріп өтті.

 

 

 

18

 

 

Е. Жазықбаев

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Жаңатілеу ауылында орналасқан бұрынғы мектеп ғимараты сатылымға шықса, сатып алу ниеті бар екенін және ауыл маңында жайылымдық жерлер жоқтығын жеткізді.

 

Аудан әкімі Жаңатілеу ауылында орналасқан бұрынғы мектеп ғимаратының жай-күйімен танысып шыққанын, егер ауыл тұрғындарына белгілі бір мақсатта пайдалануға қажет болған жағдайда конкурстық негізде сатылымға шығаратыны жайлы түсіндіріп өтті.

 

 

19

 

Қ. Ығиев

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Ауыл ішіндегі бос тұрған тұрғын үйлердің орны күреліп, тегістелсе деген сауал жолдады. 

 Аудан әкімі Жаңатілеу ауылының ішіндегі бос тұрған тұрғын үйлердің орны күреліп, тегістелетін болады деген жауап қайтарды.

 

 

20

 

 

Д. Жабыкенов

(Жаңатілеу ауылы, Ақжар а/о)

Ауыл шетіндегі үйлердің маңы қарлардан күрелсе және ауыл ішіндегі 18 жарықшам істен шыққанын жаңа жарықшамдармен жаңартылса, сонымен қатар Жаңатілеу клуб үйінен кешкілік жастардың спортпен айналысуы үшін еркін күрестің төсеніштерін төсеп кешкілік спортпен айналысуға рұқсат алсақ деген тілегін жеткізді.

Ауыл шетіндегі үйлердің маңын күреу жұмыстарына арнайы техникасы ауыл азаматтарына дизель отынымен көмек жасайтынын айтты. Жарықшамдарды биылғы жылы ауыстыру жоспарда барын атап өтті. Жаңатілеу клуб үйін жастарға кешкілік спортпен айналысуға пайдалануға рұсат етілді.

Дата публикации
20 января 2023