Сайлау

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 2 ҚАУЛЫСЫ 

 

 

Шығып кеткен әкімдер орнына Тарбағатай ауданының  кент және ауылдық округі әкімдерін сайлауын тағайындау туралы

 

2023 ж. 4 қаңтар                                                                           Тарбағатай ауданы

 

            Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Тарбағатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:            1.2023 жылғы 12 ақпанға  Тарбағатай ауданында Қабанбай және Құйған ауылдық округтері әкімінің сайлауы тағайындалсын.             2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 12 ақпанға белгіленген Тарбағатай ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.            3. Осы қаулы Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Тарбағатай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                          Ж. Ашмуханова 

 

Тарбағатай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Б. Сабырбаев        

      

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 января 2023