Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 1 ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалғанТарбағатай ауданының ауылдық округі әкімдерін сайлау туралы сайлау округтерін құру туралы
2023 ж. 4 қаңтар Тарбағатай ауданы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын-Қабанбай ауылының шекарасында Қабанбай, Шорға, Шеңгелді, Қазақстан, Тәуке ауылдары, Құйған, Жамбыл, Жалаңаш, ауылдарының шекарасында Құйған сайлау округі. 2. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет- ресурсында олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын.
Тарбағатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Ашмуханова
Тарбағатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Б. Сабырбаев