Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 860 088,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 079 558,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 992,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 168,8 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 777 369,0 мың теңге;
2) шығындар – 3 860 088,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 527,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 82 800,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 28 273,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -54 527,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 54 527,0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 82 800,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 28 273,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 287 218,0 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде:
Ақжар ауылдық округіне 55 380,0 мың теңге;
Қабанбай ауылдық округіне 27 989,0 мың теңге;
Тұғыл ауылдық округіне 43 582,0 мың теңге;
Жаңаауыл ауылдық округіне 33 486,0 мың теңге;
Жетіарал ауылдық округіне 32 927,0 мың теңге;
Қарасу ауылдық округіне 31 986,0 мың теңге;
Құйған ауылдық округіне 29 995,0 мың теңге;
Маңырақ ауылдық округіне 31 873,0 мың теңге.
- «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 21/192-VII шешіміне сәйкес аудан бюджетіне әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 2023 жылға 100 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 412 779,0 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген даму бюджеті бағдарламаларының тізбесі 4-шы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 5-ші қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 6-ші қосымшаға сәйкес нысаналы ағымдағы трансферттер көзделгені ескерілсін.
- 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен берілетін кредит– 82 800,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
- Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.