1. Тарбағатай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 27-6 «Тарбағатай ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

  1. Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:         1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тарбағатай  ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі  № 27-6 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-16-143 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:       жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.       2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 сентября 2022