1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тарбағатай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 10/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тарбағатай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 10/3-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25855 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Тарбағатай ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы»; кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектіктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алулар тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»; 2-тармақ алынып тасталсын; осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2.
Дата публикации
30 сентября 2022