Тарбағатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Ақжар ауылы                                                                                                         село Акжар       

 

 

 

Тарбағатайауданыәкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШТІМ:

  1. Тарбағатайауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-117 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

        аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

        1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануға жолдануын;

          3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Келісілді:

 

Тарбағатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы                                                  Ғ.Закариянов                                                                                          

 

 

 

 

Тарбағатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 августа 2022