«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аумақтық референдум комиссияларына референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде референдум комиссиялары тиiстi сайлау комиссияларының мөрлері мен интернет-ресурстарын пайдаланатыны белгiленсiн.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi референдум комиссияларының билігіне референдумды әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажеттi үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын беру жөнiндегi шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдессiн, олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды берсін, басқа да көмекті көрсетсін.
- 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы
|
М. Ерман
|
Нұр-Сұлтан қаласы
6 мамыр 2022 жыл
№ 32/481