|
|
|
|
|
|
||
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 22022 жылғы 12 ақпан |
|
Тарбағатай ауданының 2022 жылғы қаңтар-ақпан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 135 орта шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелсе, оның 110-і жұмыс істеуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 167,6 есеге артып, 397,9 млн тенгені құрады. Оның ішінде кең өндіру 65,2, Өңдеу өнеркәсібі 198,3 млн тенге 146,6% артты.
Ауыл шаруашылықтарының барлық санаттарында 2021 жылдың 1 ақпанына ірі қара 170039 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 109,9%-ға, жылқы 35256 бас болып, 107,8%-ға өскен. Ал қой-ешкі саны 305033 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде ет 2192,8 тонна болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8%-ға, сүт 2068 тонна болып 104,7%-ға, жұмыртқа 170,4 мың дана болып 94,6%-ға кеміді.
Қаңтар-ақпан айларында кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 792,4 млн тенгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 есе өсті . Құрылыс жұмыстарының көлемі 619,7 млн тенгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,9 есе болды.
2021 жылдың қаңтар-ақан айына экономикалық қызметтің барлық саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 136277 тенге болып, өткен жылмен салыстырғанда 132,5% құрады.
|
Орындаушы: Демежанов Р.Е. Тел. +7 72346 21521 |
Тарбағатай ауданының Статистика басқармасының басшысы: Кайырбеков М.С. Тел. +7 72346 21521 |
|
Мекенжай: 071500, Ақсуат ауылы Кабеков көшесі, 15
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы