|
|
|
|
|
|
||
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 12022 жылғы 12 Қантар |
|
Тарбағатай ауданының 2022 жылғы қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 166 орта шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелсе, оның 147-і жұмыс істеуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 94,6%ға кеміп, 170,2 млн тенгені құрады. Оның ішінде кең өндіру 12,3, Өңдеу өнеркәсібі 88,9 млн тенге 93,8%ға кеміді.
Ауыл шаруашылықтарының барлық санаттарында 2022 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 175557 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 111%-ға, жылқы 40433 бас болып 113,2%-ға өскен. Ал қой-ешкі саны 306704 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде ет 855,7 тонна болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,2%-ға, сүт 450,0 тонна болып 107,7%-ға, жұмыртқа 110,4 мың дана болып 110,0%-ға артты.
Қаңтар айында кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 46,0 млн тенгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 94,4%ға кеміді . Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,8 млн тенгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,2 болды.
2022 жылдың қаңтар айына экономикалық қызметтің барлық саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 154828 тенге болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,6% құрады.
|
Орындаушы: Демежанов Р.Е. Тел. +7 72346 21521 |
Тарбағатай ауданының Статистика басқармасының басшысы : Қайырбеков М.С. Тел. +7 72346 21521 |
|
Мекенжай: 071500, Ақсуат ауылы Кабеков көшесі, 15
|
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы