2021 жылдың 12 айында Тарбағатай ауданы әкімі аппараты, ауылдық окугтерде өтініштер тіркелуіне байланысты анықтама

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және өңірлердегі тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ЖАО дербес бөлімдерінің басшылары өткізетін азаматтарды көшпелі қабылдау кестелері бекітіліп, ауылдық округтерде бөлек қабылдаулар жүргізілді.

2021 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратына және дербес бөлімдермен ауылдық округтер бойынша 12 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1644 өтініштер түсіп қаралды. Бұл көрсеткіш облыс көлемінде салыстырмалы түрде өте көп саналады.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша барлығы 1147 өтініш тіркелсе екінші жартыжылдығында 497 өтініш тіркелді. Бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда екінші жартыжылдықта өтініштер саны 52,5 пайызға азайды. Бұл өтініштердің кемуінің бірден бір себебі азаматтарды көшпелі қабылдау, ауылдық округ әкімдерінің қабылдаған адамдарының өтініштерін қолма қол шешуі арқасында болды.

Жалпы өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары сұрақтарына (жер сұрау, жер өткізу және т.б.) байланысты болды.
Ауылдық округтер бойынша Ақсуат, Ақжар, Кіндікті ауылдық округтерінде өтініштер санының өсуі орын алған.
Аталған округтерде өтініштердің көп тіркелуіне бірден бірі себебі, жаңадан құрылыс салуға және шабындық жер сұрап жазған азаматтардың «мемлекеттік қызметке» жататын (гос.услуга) өтініштерінің тіркелуінен болған.
Атап айтқанда, Ақсуат ауылдық округі бойынша барлығы тіркелген 228 өтініш. 2021 жылдың І-жартыжылдығында 157 өтініш тіркелсе, оның ішінде 64 өтініш жаңадан құрылыс салуға және шабындық жер сұрап жазған азаматтардың «мемлекеттік қызметке» жататын (гос.услуга) өтініштерді ЭҚАЖ базасына қате енгізген. Ауыл округтері бойынша бекітілген маманның жұмыс барысында жіберген қателігі.
2021жылдың ІІ-жартыжылдығы бойынша 88 өтініш тіркелсе, 30 «мемлекеттік қызметке» (гос.услуга) жататын өтініш е-өтініш базасына қате тіркелген.

Осы секілді Ақжар ауылдық округі бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 60 өтініш тіркеліп, оның ішінде -56-сы жаңадан құрылыс салуға және шабындық жер сұрап жазған азаматтардың «мемлекеттік қызметке» жататын (гос.услуга) өтініштерді ЭҚАЖ базасына қате енгізуіне байланысты жауапты маман жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу тәртібі бойынша жіберген кемшілігі үшін 04.06.2021 жылы № 61 өкімімен «ескерту» тәртіпттік жазасы берілді.
Кіндікті ауылдық округі бойынша 2021 жылдың І-жартыжылдығында тіркелген 20 өтініштің 16-сы құрлыс салуға, жер сұрап жазған азаматтардың «мемлекеттік қызметке» жататын өтініштерін (гос.услуга) ЭҚАЖ базасын қате енгізуіне байланысты жауапты маманға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу тәртібіне жіберген кемшілігі үшін «ескерту» түріндегі тәртіпттік жазасы берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және өңірлердегі тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, дербес бөлімдерінің басшылары өткізетін азаматтарды көшпелі қабылдау кестелері бекітілген.
Сондықтан барлық ауылдық округ әкімдерімен дербес бөлімдер жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге аса жауапкершілікпен қарауды талап етемін.мәселе Республика Президентінің әкімшілігі аппаратының және облыс әкімі аппаратының тікелей бақылауында.

 

 

Дата публикации
21 апреля 2022