Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының № 2 ХАТТАМАСЫ

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес

жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

 

11 маусым 2021 жыл                                                                     Ақсуат ауылы

 

Төрағалық еткен: аудан әкімінің міндетін атқарушы, Ескендіров Е. К.

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

 

  1. Мектеп, колледж оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

 

1.1 Аудандық полиция бөліміне (Қаратаев Е. Ж.) , Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне (Дауытбаева С. Н), (келісім бойынша)- жасөспірімдер қылмысының тиімді профилактикасы мақсатында ата-аналар комитеттерінің өкілдерін бірлескен профилактикалық рейдтерге тарту, оның ішінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау жөніндегі мәселені пысықтау.

Мерзімі: 09.07.2021 ж.

 

1.2 Аудандық полиция бөліміне (Қаратаев Е. Ж.) , Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне (Дауытбаева С. Н), (келісім бойынша)- жасөспірімдердің суицидін тиімді алдын алу, кибер буллингке қарсы іс-қимыл мақсатында қоғамдық көмекшілерді, білім беру мекемесінің ата-аналары мен педагогтарын тарта отырып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ( ВК, инстаграмм, фейзбук, вацап және т.б), оның ішінде мектептер мен колледждердің ресми сайттарының чаттарында жасөспірімдер арасында аса танымал пабликтер мен қоғамдастықтардың мониторингі мәселесін пысықтау.

Мерзімі: 09.07.2021 ж.

 

2.Қылмыстың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы .

 

         2.1 Аудандық полиция бөліміне (Қаратаев Е. Ж.), (келісім бойынша)- киберқылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық істерді ашу және тергеу бойынша тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтарының жұмысы ерекше бақылауға алынсын.

         Мерзімі: тұрақты.

        

         2.2 Аудандық полиция бөліміне (Қаратаев Е. Ж.), (келісім бойынша) және аудандық ішкі саясат бөліміне (м.а. Құттыбаев Е. К)- интернет-алаяқтықтың тиімді алдын алу мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде (ВК, Instagram, фейзбук, вацап және т.б), сондай-ақ ауданның негізгі көшелерінде орналасқан Led-экрандарда тақырыптық материалдарды (посттар мен бейнероликтер) жариялау мәселесін пысықтау.

Мерзімі: 09.07.2021 ж.

Осы хаттамалық шешімнің орындалуын талдау және бақылау аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелсін.

 

 

    Комиссия төрағасының

міндетін атқарушы                                                                         Е. Ескендіров

 

Комиссия хатшысы                                                                        Г. Кадырбаева

 

Дата публикации
21 апреля 2022