Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес

жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

04 сәуір 2022 жыл                                                                     Ақсуат ауылы

 

Төрағалық еткен: аудан әкімінің міндетін атқарушы, Ескендіров Е. К.

 Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу бойынша

 

  1. Ауылдық округ әкімдеріне:

 

1.1. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлар, ауыл тұрғындарымен түсініктеме жұмыстарын жүргізу арқылы мал бағымдарын ұйымдастыруды жандандырсын.

Мерзімі: (27.04.2022 жылға дейін).

1.2.Ауылдық округтердегі шаруа қожалық басшыларына қыстақтан жайлауға көшкен кезде, қыстақты иесіз қалдырмай, міндетті түрде,  күзетші қалдыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.

Мерзімі: (13.05.2022 жылға дейін).

 

  1. Аудандық жергілікті полиция қызметіне:

 

2.1.Тоқсан сайын мал кезегі жөнінде ауыл халқына ауыл ақсақалдарымен, ауылдық округ әкімдерімен және ветеринария дәрігерлерімен бірлесіп жиналыс өткізуді қамтамасыз етсін.

Мерзімі: тоқсан сайын.

2.2. Түнгі уақытта жол бойында жүрген қараусыз малдарды қамап, иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұйымдастырсын.

Мерзімі: үнемі.

 

  1. Ауылдық округ әкімдеріне және аудандық жергілікті полиция қызметіне:

 

  3.1. Шаруа қожалықтары мен фермалардың  үй жануарларының мойындарымен мүйіздеріне түнгі уақытта жарыққа шағылысып жанатын жарық ленталарын орнату, ескерту шараларын  жүргізуді және шаруа қожалық иелерімен кездесулер барысында, ҚР ӘҚБтК-нің 86-бабы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Мерзімі: (30.05.2022 жылға дейін).

       3.2. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сатуға берілетін анықтама құжаттарының толық болуын қамтамасыз етсін.

Мерзімі: үнемі.

3.3.Ұрлық қылмыстарының алдын алуда ауылдық округтің әкімдерімен УПИ бірлесе отырып, кәсіпкерлік объектілердің иелерімен оларға бейне бақылау камераларын, дабыл қаққыш және түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктер сатпау жөнінде түсінік жұмыстарын ұйымдастыру.

Мерзімі: үнемі.

  1. Аудандық полиция бөліміне, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне (келісім бойынша):

 

4.1. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың  алдын алу мақсатында ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен бірлескен профилактикалық рейдтерге тарту, оның ішінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау мәселесін пысықтау - үнемі.

4.2. Мектеп, колледж оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық шаралар ұйымдастыруды - үнемі.

4.3.  Қылмыстың, оның ішінде алаяқтықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шараларға мониторинг жүргізілсін. 

Мерзімі: (тоқсан сайын).

 

  1. Аудандық ШҚО ветеринария басқармасы ММ шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тарбағатай-вет» КМК-на:

 

5.1. Мал сою алаңдарында малдардың сойылуы қадағаланып, нақты назарда ұсталсын.

 Мерзімі: үнемі.

5.2. Аудан тұрғындарының малдарын ауыл шаруашылығының жануарларын бірдейлендіру базасына енгізу

Мерзімі: үнемі.

 

2.Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар және түзеу мекемелерінен босап келген тұлғалар мен қайталап қылмыс жасаудың алдын-алу

 

         2.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Аққазин)

 

1.1 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулының негізінде жұмыстар атқару ұсынылсын.- тұрақты түрде;

 

  1. ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай ауданының № 1 ПҚ бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны (Э.Қалымбековаға) және Тарбағатай аудандық № 2 ПҚ-нің аға инспекторы (Б. Нұрахметовке) келісім бойынша:

2.1 Тарбағатай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың қоғамда әлеуметсізденуін болдырмау және қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында, есепте тұрған адамдарды жұмыспен қамту белсенді формаларына қатыстыру үшін, оларды жұмыспен қамту орталығына тіркеуді ұйымдастыру ұсынылсын-үнемі;

 

  1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (А.Аққазинге), ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай ауданының № 1 ПҚ бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны (Э.Қалымбековаға) және Тарбағатай аудандық № 2 ПҚ-не (Б. Нұрахметовке) келісім бойынша:

 3.1 Пробация қызметінің есебінде тұрған, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде тұратын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандарды, сонымен қатар түзеу мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан және сотпен әкімшілік қадағалау тағайындалған адамдарды жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен кездестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтамасыз ету ұсынылсын-үнемі;

 

  1. Аудандық полиция бөліміне (келісіммен), ауылдық округ әкімдеріне:

4.1 Ауданда қайталама қылмыстың жасалмауын қатаң бақылауда ұстау-үнемі;

4.2 Қылмыстың санын азайту мақсатында, профилактика жұмысы ретінде жазғы мезгілде түнгі рейдтерді күшейту-үнемі;

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат аудан әкімі аппаратының заң және мемелкеттік-құқықтық бөліміне көрсетілген мерзімде әр тармақ бойынша ақпарат ұсынылсын.

 

 

    Комиссия төрағасының

міндетін атқарушы                                                                         Е. Ескендіров

 

 

Комиссия хатшысы                                                                      Г. Кадырбаева

Дата публикации
21 апреля 2022