Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 4), 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына және Тарбағатай ауданы халқының пікірлерін ескере отырып, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданын бөлу жолымен әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылсын:
1) Ақсуат ауданы әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында, Ақсуат, Екпін, Көкжол, Аққала, Көкжыра, Серіктес, Базар, Мүрсәлім, Қызбай, Сәтпаев, Көктүбек, Сұлутал, Жәнтікей, Қожакелді, Қызыл кесік, Егіндібұлақ, Үштөбе, Құмкөл, Қарғыба, Қызыл жұлдыз, Қосбастау, Ойшілік, Тана мырза, Есім, Айнабастау, Ақжол, Томар, Кіндікті, Алғабас елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 13,1 мың шаршы километр, ауданды жаңадан құрылатын Абай облысының құрамына енгізумен;
2) Тарбағатай ауданы әкімшілік орталығы Ақжар ауылында, Ақжар, Жаңатілеу, Сағындық, Жаңалық, Қабанбай, Шенгелді, Қазақстан, Тәуке, Шорға, Қарасу, Ақмектеп, Шолақорда, Өтеген, Жолқұрылыс, Қарой, Құйған, Жаланаш, Жамбыл, Жетіарал, Жанғызтал, Асусай, Қамысты, Маңырақ, Дәулетбай, Жалғызтөбе, Жаңаауыл, Жаңаталап, Ахметбұлақ, Сарыөлең, Тұғыл, Байтоғас елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 10,6 мың шаршы километр, ауданды Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізумен.
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Боғырбаев |
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Ескендіров |