Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі.
2021 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны- 2066, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы -1344, «электронды үкімет порталы» арқылы -547, альтернативті қызмет арқылы -175.
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.