Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2021 жылы жеке тұлғаларға -495 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 202 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 293 «электронды үкімет порталы». 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.
Тарбағатай ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы» бойынша көрсетілген 495 қызметтің 202 қызмет қабылданған, 293 қызметке құжаттары толық емес болғандықтан бастартылған.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.