Облыс мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп
Ырғызбай ауылдық округі бойынша 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2021 жылы жеке және заңды тұлғаларға - 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, «электронды үкімет порталы», 5 альтернативті қызмет арқылы көрсетілді. 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ. Ең көп талап етілетін қызметтер:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөнінде анықтама беру;
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру;
Жоғары өткізу қабілеті бар интернетке қосылған ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен ауылдық кітапханалар базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жауапты мамандар бекітілді.
Білім бөлімінде 2021 жылды аралығында халықты қашықтықтан оқытуды портал арқылы өткізу жоспарланған digitalkz.kz. осы кезеңде цифрлық сауаттылыққа оқытудан 35 адам өтті.
Порталда оқыту 5 оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі: «Ашық үкімет», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «электрондық сауда», «базалық цифрлық дағдылар».
Білім бөлімінің сайтында және әлеуметтік беттерінде халықтың цифрлық сауаттылығы бойынша курстарды өткізу туралы ақпарат орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 40 тармағына сәйкес аудан әкімінің өкімімен 2021 жылғы арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау шараларының жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес 2021 жылы 2 бақылау іс шаралары жүргізілді:
мемлекеттік органдарда – 2, бағынысты ұйымдарда – 0.
Барлығы жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде ұсыныстар дайындалды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар - 0.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда болады.