Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының                 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары қағидалары бекітілсін. "Тарбағатай ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2)осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданының әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4) осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Ескендіровке жүктелсін. 5) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Дата публикации
16 марта 2022