Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 249 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20542 болып тіркелген) сәйкес Тарбағатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін. "Тарбағатай ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2)осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданының әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4) осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Ескендіровке жүктелсін. 5) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.