Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 13/3-VII «2022-2024 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 13/3-VII «2022-2024 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164321 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 136 296,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 19 905,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 80,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 859,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 114 452,0 мың теңге;

2) шығындар – 138 218,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 922,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 922,9 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 1 922,9 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 1 922,9 мың теңге бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бөлінсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес  4-қосымшасымен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 13/3-VII «2022-2024 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
14 марта 2022