Ақсуат ауылы село Аксуат
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 12/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 859 623,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 623 889,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 7 061,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 228 673,4 мың теңге;
2) шығындар – 4 901 723,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 111 124,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 183 780,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 72 656,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -153 224,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153 224,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 183 780,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 72 656,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 42 100,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |