Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Тарбағатай ауданы әкімінің

«____»_________2018 жылғы

№_______өкіміне қосымша

                                                                                                             

 

 

Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының

ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. «Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі» «Тарбағатай  ауданы  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Респпубликасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын,  облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін, аудан әкімі аппаратының Регламенті мен аудан әкімі аппараты туралы Ережені  және осы  ережені басшылыққа алады.
  3. Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің құрылымы мен штаттық бірлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тарбағатай ауданының әкімдігі бекітеді.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері және функциялары мен құқықтары

               

         Функциялары:

  • Аудан әкімі аппараты мен бөлімдерде «бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін» және «бірыңғай көлік орталығын» жасақтау жұмыстарын жүзеге асыру.
  • Облыс, аудан әкімдерінің ресми веб-сайттарын үнемі жаңартып отыру.
  • Жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, мониторингілеу және ақпараттық технологияларды қолдану бағыттары бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
  • Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен жергілікті органдар қызметінің функцияларын әзірлеп, ұсыну, бекіттіру.
  • Өңірлерді дамыту бағдарламасымен жұмысты қамтамасыз ету.
  • Жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттандыру бағдарламаларын және жоспарларын қарастыру және келісуді ұйымдастыру.
  • Мемлекеттік органдардың «Ақпараттық технологияларды пайдалану» бағыты бойынша қызмет нәтижесінің тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізу. 
  • Аудандағы барлық автоматтандырылған функциялардың толтырылуына бақылау жасау.

         

  1. Құқығы және міндеттері

 

  1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және аудан әкім аппаратының функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізу.
  2. Аудан әкімінің веб-сайты мен виртуалды қабылдау арқылы түскен өтініштердің мерзімінде қаралып, орындалуын қамтамасыз ету.
  3. Дұрыс толтырылмаған құжаттарды, сондай-ақ, олардың құзырына енбейтін мәселелері бойынша құжаттарды иелеріне кері қайтаруға.
  4. Іс-қағаздарын жүргізу, азаматтарды қабылдау, олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша аппарат бөлімдерінен, аудандық бөлімдерден, басқармалар мен комитеттерден ақпараттар және басқада материалдар талап етуге.
  5. Аппараттың бөлім басшыларынан және басқада орындаушылардан белгіленген ережелер бұрмаланып дайындалған құжаттарға түзетулер немесе толықтырулар енгіздіртуге және заңдылығын сақтауға талап қоюға.
  6. Аппарат бөлімдері қызметкерлерін құжаттарды әзірлеуге және дайындауға тартуға.
  7. Орындаушылық тәртіп жәйі туралы шара қабылдау үшін тексерулер мен бақылау қорытындыларын аудан әкіміне және аппарат басшысына жеткізуге.

          8.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуын қадағалау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді аппарат басшысының ұсынысымен аудан әкімі тағайындайтын және қызметінен босататын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

         1) өзінің қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

         2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Аппарат басшысы                                                                           Е. Ескендіров

Дата публикации
04 марта 2022