Тарбағатай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 18 мамырдағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияны құру туралы» № 143 қаулысымен комиссия құрылған. Жыл сайын комиссияның жыл көлеміне арналған жұмыс жоспары аудан әкімімен яғни, комиссия төрағасымен бекітіліп, тоқсанына бір рет жыл көлемінде 4 отырыс өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтарды болдырмау бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қолданған шаралары, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу жағдайы, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша мемлекеттік органдардың қолданған шаралары мен азаматтық қоғам және мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы қатынастар және тағыда басқа түйінді мәселелер қарастырылып, өз шешімін табуда.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, облыс әкімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы» 2017 жылдың 30 мамырындағы № 54-ө өкімін орындау мақсатында Тарбағатай ауданының әкімі 2017 жылғы 17 қазандағы «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» № 367 өкімінің қосымшасына сәйкес бекітілді.
Сонымен қатар, аудандағы 17 ауылдық округтер мен дербес бөлімдер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын тиісті қосымшаға сәйкес бекітіп, аудан әкімінің ресми сайтында жариялады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының «Шығыс -адалдық алаңы» жобасы аясында Тарбағатай ауданы халқының нақты сұраныстарын орындауға және кез-келген азаматтардың толық көлемде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алуына байланысты 2019 жылдың 21 қарашасында Тарбағатай ауданы әкімдігінің ғимаратының ішінен «Тарбағатай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Сонымен қатар, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен Ақжар және Тұғыл ауылдық округі аппараттары ғимараттарының бірінші қабаттарынан «Open Space» форматында «Ашық әкімдік» ашуға облыстық бюджеттен 4 млн. теңгеден (Ақжар, Тұғыл ауылдық округтеріне) 8 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда Ақжар, Тұғыл ауылдық округтерінің ғимаратындағы «Ашық Әкімдік» жобалық кеңселері ашылып, қызметтің барлық салаларында азаматтар үшін қолайлы жағыдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының 22-бабының 1-1 тармағымен «Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады»- деп, 2019 жылдың 26 қарашасында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарына 2021 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. Парасаттылық» тақырыбында 2 мемлекеттік қызметші қатысып, сертификаттарын алса, 2022 жылғы жоспар-кестеге қойылған «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі ISO37001», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс», «Мінез құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыптарындағы семинарларға 10 мемлекеттік қызметші жыл соңына дейін қатысып, сертификаттарын алатын болады.