Доклад акима Тарбагатайского района А. Смаилова на встрече с населением района в 2022 году

Тарбағатай ауданының әкімі

А.Смаиловтың 2022 жылғы аудан тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

                                                                                                              

Құрметті Даниал Кенжетайұлы!

Құрметті кездесуге қатысушы аудан тұрғындары!

 

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша өздеріңізбен биылғы кездесуім қазіргі пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында онлайн режимінде өткізіліп отыр.

Еліміздің тұрғындарын қатты алаңдатқан қаңтар айындағы оқиғалар мен эпидемиологиялық ахуалды Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлының, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының білікті басшылығымен, ауданымыздың халқының қолдауымен бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде еңсеріп келеміз.

Қаңтар айының 11 күні Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында «ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ атты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Қасым – Жомарт Кемелұлы жаңа Қазақстанды құруға бағытталған өзекті шараларды атап, халықтың әл- ауқатын шынайы көрністе жақсарту қажетілігін тапсырды. Осы отырыс барысында Тәуелсіздігін тегеурінді түрде қорғап қалған еліміздің жаңадан үкіметі құрылып, үкімет басшысы болып тағайындалған Әлихан Асханұлы Смайыловқа және үкімет мүшелеріне нақты тапсырмалар беріліп, оның орындалуының  уақытын белгілеп берді.

Енді алдымызда ел басшысы жүктеген бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыру істері тұр.

Атқарушы биліктің негізгі міндеті аудан халқының әл-аухатын арттыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылатындықтан, оның ішінде аудан экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашлығындағы көрсеткіштерге тоқталып өтсем.

         2021 жылы  ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемі 53 млрд 185 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 млрд 512 млн.теңгеге немесе 14,0%-ға артық орындалды.

         Аудан аумағында 2 мың 393 шаруа қожалығы еңбек етеді. Аудандағы мал шаруашылығы тұрақты дамуының нәтижесінде ірі қара 173 мың 717 басқа (110,9%), қой мен ешкі - 304 мың 532 басқа (107,9%), жылқы – 40 мың 776 басқа (113,1%) жеткізілді.  Аудан бойынша 53  мың 880 бас аналық ірі қара малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тұқымдық түрлендіру жүргізілген аналық мал саның үлесі 53,5% құрады.

         2021 жылы асыл тұқымды мал басын өсіретін 78 шаруашылық тіркелген. Оның 10-ы жылқы өсірумен (1788 бас, барлық жылқы малынан 5,0%), 11-і қой өсірумен (72 631 бас, барлық қой малынан 25,8%), 57-сі ірі қара малдарын (29 844 бас, барлық ірі қара малынан 17,6%) өсірумен айналысады.

         Аудандағы малмен айналысатын шаруашылықтар өткен жылы мемлекеттен 2 млрд 500 млн теңгенің субсидиясын алуға қол жеткізді. 2020 жылмен салыстырғанда алынған субсидия көлемі 120,0 пайызға өсті.

         Оның ішінде асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алғаны үшін – 805 млн. 300 мың теңге,  ірі қара малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін – 660 млн. 200 мың теңге, асыл тұқымды қой малдарын сатып алғаны үшін – 137 млн. 400 мың теңге, қой малдарына тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін – 2 млн. 500 мың теңге, бұқашықтарды 1000 бастан басталатын мал бордақылау алаңдарына өткізуге - 40млн тенге төленді.

         Өсімдік шаруашылығы бойынша 2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 877 гектарға ұлғайып, 16 257,2 гектарға  жеткізілді. Ауданымызда алғаш рет суармалы егістікте жаңа үнемдеу технологиясы қолданылды. Атап айтқанда Жетіарал ауылдық округіне қарасты «Дарабоз» шаруа қожалығының төрағасы Д.Нұрқанов алғашқылардың бірі болып 100 гектар суармалы егістікке жаңбырлатып суару құрылғысын қолданып, іске қосты және Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Ықыбай» шаруа қожалығының төрағасы Р.Ықыбаев суармалы егістік алқаптың көлемін ұлғайту мақсатында су жинақтау бассейнін салу арқылы жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жобасының құрылыс жұмыстарын бастады. Жобаның жалпы құны 1 млрд 023,6 млн. теңгені құрайды. 2021 жылы келісім-шарт арқылы  810 млн. 854 мың теңгенің құрылыс материалдары мен қажетті құрылғылары сатып алынды.

         Ауданда иесіз тұрған Ырғызбай ауылдық округіндегі Қожагелді, Ойшілік ауылдық округіндегі Ойшілік, Маңырақ ауылдық округіндегі Қыстаубай, Сарыбұлақ, Қабанбай ауылдық округіндегі Байтөбет, Ақжар ауылдық округіндегі Сарқасқа, Құлжабай, Қызыл тұмсық, Екпін ауылдық округіндегі Көкбұқа, Құмкөл ауылдық округіндегі Қызылқия, Дәулетбай, Құйған ауылдық округіндегі Қаратоғам су каналдарының құқығын белгілейтін құжаттарын жасауға  қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 5 су каналының құжаты «Қазсушар» РМК теңгеріміне беру үшін жолданды.

         Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 185 жоба 3 млрд             428 млн.тенге несиелендірілді.

         Атап айтсақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалының өз қаражаты есебінен «мал өсіру» бағдарламасы негізінде 29 жоба бойынша 412 млн. 900 мың теңге игеріліп, жоспар тапсырма 133,8%-ға орындалды. «Агро несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалы және «Бархытбел несие» НС арқылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 15 жоба бойынша 2 млрд. 148 млн. 800 мың теңге игеріліп, жоспар тапсырма 382,2%-ға орындалды. «Бархытбел несие» НС арқылы «Агробизнес» бағдарламасы негізінде 4 жоба бойынша 107 млн. 400 мың теңгеге несие игеріліп, жоспар тапсырма 20,5%–ға орындалды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты негізінде «Игілік» бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалы  және «Іскер» бағдарламасы бойынша «Бархытбел несие» НС арқылы 102 жоба бойынша 425 млн. 400 мың теңге игеріліп, жоспар тапсырма 141,8%–ға орындалды.

         Бұдан басқа 80 бірлік ауылшаруашылығы техникалары 341 млн. 100 мың теңгеге сатып алынды.

         Аталған жобалар негізінде 4 мың 179 бас ірі қара, 163 жылқы, 3 мың 90 бас қой мен ешкі алынып, 6 жоба кәсіпкерлік саласы бойынша, 35 жобаға ауыл шаруашылық техникалары алынды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан 1 мың  445 бас асыл тұқымды ірі қара алынды.

         Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақты ұстап, жергілікті жерде өндірілген өнімдерді халыққа қол жетімді бағада саудалау мақсатында ауданның Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдық округтерінде 2021 жыл бойында 46 мәрте жәрмеңке өткізіліп, онда 149 млн. 1 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды. Жәрменкеде ірі қара және жылқы еттерінің 1 кг 1800-2000 теңге аралығында, қой еті 1800 теңгеден халыққа қол жетімді бағада саудаланды.

         2021 жылы Тарбағатай ауданы бойынша космостық мониторинг жүргізіліп 514 мың 448 га. ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімі мақсатына сай пайдаланылмай отырғандығы анықталып, 13 мың гектарға ауылшаруашылғы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарып алынды.

         Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа 131 жер учаскесінің жерге орналастыру жобалары әзірленіп, жеке тұлғалар мен  шаруа қожалық мүшелеріне жалпы алаңы 38458 гектар оның ішінде 2215  гектар егістік жер, 174 гектар шабындық жер, 36069  гектар жайылымдық жер телімі конкурстық негізде берілді, сонымен қатар ауыл халқына мал жаюға және шөп шабуға 5 жылға өтеусіз жер пайдалану құқығымен 441 жеке тұлғаға

жалпы алаңы 89 191 гектар берілді. Көкжыра ауылдық округінің елді мекен жерінің межелері анықталып, қосымша 2 000 гектар жер телімі қосылып, жиыны 7 000 гектар жер телімінің қазығы қағылды. Сонымен қатар өткен жылы аудандық бюджеттен 2 млн. 800 мың теңге қаражат бөлініп, «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық филиалы ұтып алып, бүгінгі күні 11 елді мекеннің шекаралық межелері қағылуда. Атап айтқанда Сатпаев, Көктүбек, Ескі Сұлутал, Екпін, Аққала, Ақсуат, Ақжар, Жаңалық, Жаңатілеу, Тұғыл, Байтоғас елді мекендері.

         2021 жылғы аудан бюджеті 14 млрд. 918 млн. 800 мың теңгеге нақтыланып, жыл соңына бюджет қаражатының  игерілуі 99,8 % құрады.

         Жергілікті бюджетке түскен меншікті кірістер көлемі 1  млрд. 552  млн. теңгені құрап, өсу қарқыны 116,0 % орындалады (2020 жыл – 1  млрд. 340 млн. теңге).

         Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд 657 млн. 400 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 112,4 болды. Оның ішінде өндеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1 млрд. 706 млн. 900 мың теңге болды.

         Экономиканың нақты секторында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 14 млрд 70 млн. 200 мың тенгені құрады. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 4 млрд. 153 млн. 200мың тенге (40,7%), жеке меншік қаражаттар есебінен 5 млрд 692 млн. 900 мың теңге (41%), қарыз қаражаттар есебінен 4 млрд 224 млн. 100 мың тенге (30%) болды.

         Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 3552 бірлік болып, өткен жылмен салыстырғанда 104,3 %-ға өскен.

         Барлық бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 10 млрд. 727 млн. 600 мың теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 119,1 % болды.

         Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

          «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Тарбағатай ауданынан 3 жоба облыстық комиссиямен мақұлданып 15 млн. теңгенің грантын жеңіп алды. Атап айтсақ, Ақжар ауылынан жеке кәсіпкер Тоқтаубаев Есет мектепке дейінгі балабақшаға құрал – жабдықтар сатып алуға 5 млн. теңге алса, «Алайба» ЖШС – нің директоры Ә. Искакова халыққа нан өнімдерін өңдеп шығару үшін құрал жабдықтар сатып алуға 5 млн. теңге алды.Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкер Ә. Мукушева 5 млн. теңге сүт өнімдерін өңдейтін (құрт, май, ірімшік, сүзбе) шағын цех ашуға құрал – жабдықтар алды. 

          Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына сауда қосымшасын 15 пайыздан арттырмау мақсатында атқарушы органдармен мен азық-түлік саудалайтын сауда дүкендері арасында 205 меморандум жасалды.

         Аудандағы сауда дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырылады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 699 млн. 500 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 157,4 пайызды құрады. Тұрғын үй алаңын пайдалануға беру  көрсеткіші бойынша 1 млрд. 540 млн 400 мың теңгеге 10 мың 970 шаршы метрді құрайтын 109 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 2020 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 62,6 пайызды құрады. Оның ішінде халықтың жеке қаражаты есебінен 986 млн. теңгеге ауданы 7710 шаршы метр болатын 59 тұрғын үй. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында ауданы 841 млн. 700 мың теңгеге 7679 шаршы метрді құрайтын  18 нысан (сауда дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, мал бордақылау алаңы, тойхана) салынды.  

         Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында, 554 млн. 400 мың теңгеге аудан бойынша 3 960 шаршы метрді құрайтын 2 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Үйлер коммуналдық меншікке сатып алынып, кезекте тұрған, әлеуметтік аз қамтылған көп балалы аналарға пайдалануға берілді. Құрылысшыларымыз 2022 жылға жоспарланған 15 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салуды бастап кетті.

         2021 жылы аудандық маңызы бар 55 шақырым, ауылішілік 13,838 шақырым, жиыны 68,838 шақырым автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде аудандық маңызы бар Құйған-Жалаңаш ауылдарының аралығындағы 26 шақырым, Көкжыра ауылының 2 квартал және орталық көшелеріне 4,45 шақырым, Маңырақ ауылының Абай, Дәулетбай көшелеріне 4,5 шақырым, Жетіарал ауылының К. Билялов көшесіне 1,7 шақырым, Ойшілік ауылының Қабанбай, Бейілғожин көшелеріне 2,4 шақырым автомобиль жолдары орташа жөнделді.

         2021 жылы өңірлік маңызы бар Құйған ауылына кіре-беріс 13 шақырым, «Қарағанды-Аягөз-Боғас» республикалық маңызы бар жолдан Үштөбе ауылына 45 шақырым, Ақсуат ауылының ұзындығы 5,5 шақырым болатын айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жөндеу жұмыстарын 2022 жылы жаз маусымында аяқтау жоспарланған. Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» жолынан 7,7 шақырым Қызыл қайың учаскесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 11 млн 788 мың теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжат әзірленеді.

         Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Жыл басында аудандағы 52 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ол барлық елді мекеннің 86,7 пайызын құраған болса, 2021 жылы Мүрсәлім елді мекеніне блок модульді станциясы орнатылды.

         Ақсуат ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамыту (құрылысты аяқтау) жұмыстары аяқталды. Осы жобаға бөлінген қаражат көлемі 1 млрд. 330 млн. 700 мың теңгені құрады. 01.01.2022 жылға аудан бойынша 60 елді мекеннің 53-і таза сумен қамтамасыз етіліп, 88,3 % құрады.  

         Жалпы аудан бойынша тартылған шыны-талшықты интернет желісінің ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Шыны-талшықты интернет желісі 8 ауылдық округтің әкімшілік ғимаратына, 8 дәрігерлік емханаға, 8 учаскелік пунктке және 19 мектепке тартылған. Алдағы уақытта осы аталған ауылдардың тұрғындарына 4G интернет жүйесі беріледі.

         Бұл аудан тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы интернет байланыс жүйесімен қамтамасыз етуде «Қазақтелеком» АҚ жасаған қызметі.

         2021 жылы ІІ – этап бойынша аудан тұрғындарын интернет байланыс жүйесімен қамтамасыз етуге спутниктік-радио желілік желі арқылы және теле2 байланыс жүйесі арқылы қосылды. Бүгінгі күнге Шеңгелды, Байтоғас, Шорға, Жамбыл, Акмектеп, Ойшілік, Кұмкөл, Көкжыра, Жәнтікей елді мекендерінде Altel 3G және 4G байланыс жүйелері қосылды.

         Жолаушылар тасымалымен ауданның 60 елді-мекеннің 39-ы немесе 65,0 % автобус тасымалымен қамтылған, 21-і немесе 35,0 % автобус тасымалымен қамтылмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі №1014 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау» қағидасына сәйкес 7 млн. теңге қаржы аудан бойынша 12 бағытта тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсетті. Атап айтсақ, «Көкжыра-Ақсуат-Екпін-Аққала-Көкжыра», «Кызыл-Кесік-Ақсуат-Екпін-Аққала-Көкжара-Қызылкесік», «Ойшілік-Құмкөл-Шыбынды-Қарғыба-Ақсуат-Ойшілік», «Кіндікті-Ақсуат-Кіндікті», «Ақжар-Ақсуат-Ақжар», «Аққала-Екпін-Ақсуат-Аққала», «Тұғыл-Ақжар-Тұғыл», «Көктүбек-Сәтбаев-Ақсуат-Көктүбек», «Тұғыл-Ақмектеп-Ақсуат-Тұғыл», «Қабанбай-Ақмектеп-Қарасу-Ақжар-Қабанбай», «Жаңаталап-Жаңаауыл-Ақжар» бағыттары.

         Аудан бюджетінен 3 млн. 52 мың теңге қаржы бөлініп, 256 жол белгілері әкелінді. Аудандық маңызы бар 516,9 шақырым автомобиль жолдарына, ішінара Ақсуат, Ақжар, Тұғыл ауылдарының орталық көшелеріне орнатылады.

         Аудан бойынша білім беру саласында 49 мектеп, 20 балабақша, 4 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Аудан мектептерінде 7896 окушы оқып, 1442 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Олардағы жоғары және бірінші санаты бар мұғалімдердің үлесі 68,3 пайызды құрайды.

         Аудандағы балабақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтарда 3050 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтамасыз етілген.

         190 млн. 800 мың теңгеге әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 4005 оқушыға тегін мектеп формасы және аяқ киіммен қамтылса, 1128 оқушыға тегін ыстық тамақ берілуде.

         Білім беру нысандарының материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша мектептерге күрделіжөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 жобаға 708 млн. 400 мың теңге қаражат бөлінді.

         Атап айтсақ, 183 млн. 100 мың теңгеге Қабанбай ауылындағы               К. Төгісов атындағы орта мектебінің электр желісі, су құбырлары, кәріз жүйесі, есік-терезелері толықтай айрыбасталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, төбесі шатырланды. 112 млн. 398 мың теңгеге Көкжыра ауылындағы «Асыл» ясли-бақшасы ғимараттың сырты жылыланып,есік – терезелері, жылу және электр энергиясының жүйелері және кәріз жүйесі толық ауыстырылды. 102 млн. 100 мың теңгеге Қожакелді батыр атындағы орта мектебінің екі спорт залының төбесі жөнделініп, ішкі әрлеу жұмыстары атқарылып, едені және есіктері жаңартылады. Сондай – ақ, 242 млн. 744 мың теңгеге Тоғас батыр атындағы орта мектебінінің төбесі жылыланып, шатыры, жылу және элекрт жүйелері толығымен айырбасталынады, терезелері мен есіктері, едені ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары 2022 жылдың маусым айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

         Ақжар ауылындағы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейдің төбесін жөндеуге 11 млн. теңге бөлініп, ағымдағы шатырлау жұмыстары жүргізілді. 60 млн. теңгеге Жаңаауыл ауылындағы Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің төбесі күрделі жөндеуден өткізілді. 12 млн теңгеге Жаңалық ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің төбесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатырланды.

         Бюджет қаражаты есебінен сомасы – 58,1 млн.теңгеге 34 мың дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынды. Аудандағы барлық мектептер (100%) интернет желісіне қосылған. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінен бітірген 464 түлектің 432-сі ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде орта балл 84,4 құрады. 54 түлек 100 және 100-ден жоғары балл алды.

         Аймақтарды кешенді дамыту жоспары бойынша мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 жобаға 17 млн. 300 мың. теңгеге қаражат қарастырылды.

         Сарыөлең ауылының Б. Момышұлы атындағы орта мектебіне 7 млн. 100 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры, есіктері, жылу жүйесі айырбасталып, еденіне линолеум төселді.

         Жаңаталап ауылының Жаңаталап орта мектебіне 8 млн 960 мың теңгеге шатыры, терезесі және еденіне линолиум төселіп, ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

         Сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен сомасы – 58,1 млн.теңгеге 34 мың дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынды. Аудандағы барлық мектептер (100%) интернет желісіне қосылған.   

         Азаматтардың денсаулығын сақтау - мемлекеттік саясаттың маңызды саласының бірі. Аудан көлемінде тұрғындарға 2 аудандық аурухана, 20 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 31 медициналық пункт қызмет көрсетеді.

         2021 жылы «Ауыл ел-Бесігі» бағдарламасы аясында Маңырақ ауылының дәрігерлік амбулаториясы 39 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, терезе-есіктері, едендері, жылу және элекрт жүйесі, қоршауы мен шатыры ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді.

         Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда вакцинация тақырыбы бүкіл әлемде өзекті және сұранысқа ие болып табылады. Аудан көлемінде вакцинация алу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. 1-ші компонентке 24139 доза екпесі салынды немесе 100%, 2-ші компоненте толық 100% орындалды. «Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комиранти» вакцинасын 12-17 жастағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және емізулі баласы барларға 1-ші компонентке 4355 доза екпесі салынды (3962 екпе пфайзер вакцинасы, 393 басқа вакциналар) немесе 96,2 %.

         Коронавирустың «Омикрон» жаңа штамы аурудың ерте сатысында «Дельта» штамына қарағанда 3 есе жылдам тарайды. Аталмыш патогеннен қорғану үшін ревакцинация қажет, қазіргі уақытта 5562 доза екпесі салынды, екпе алу жұмыстары жалғасуда.

         Ауданда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 17 округте 17 мониторингтік топ құрылған. Мониторингтік топ жұмысының нәтижесі бойынша 62 (1-і жеке кәсіпкер, 61-і жеке тұлға) санитарлық талаптарды орындамау фактісі анықталып, 3 млн. 48 мың тенгенің айыппұлы салынды.

         Аудандық ауруханалар бойынша короновирус инфекциясы анықталғанда әрекет ету алгоритмі, алдын-алу шаралары жасалды. Аудандық ауруханаларға облыс әкімдігі тарапынан жиыны 523 млн 9 мың. теңгеге 46 медициналық құрал жабдықтары (керек-жарақтары бар өкпені жасанды желдету аппараты, жаңа туған нәрестелерді керек-жарақтарымен салқындатуға және жылытуға арналған гипо/гипертермиялық аппарат, 9 сандық рентгенография/флюорография жүйесі, жиынтықта аргон приставкасы бар электрохирургиялық аппарат, электрохирургиялық Коагулятор аппараты және т.б.) алынды.

         Спорт нысандарының материалдық базасын нығайту мақсатында Қарасу, Байтоғас, Ақжар, Ақсуат ауылдарында жиыны 36 млн.теңгеге жасанды төсенішімен футбол алаңдары салынып пайданалануға берілсе, Ақсуат ауылында жалпы жобалық құны 849 млн 509 мың теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені басталған болатын. Кешенде тренажер залы, кіші футбол залы, бокс және күрес залы, 40 адамға арналған бассейн болады.

         2021 жылы 40-тан астам спорттық-көпшілік шаралары өткізіліп, 8000-нан астам спортшылар қатысты. Қазақ күресі, дзю-до, тоғызқұмалақ, бокс, гир спорты, армрестлинг, стол теннисі, еркін күрес, волейбол, футбол түрлерінен әр түрлі жастағы 34 спортшылар және ауданның құрама командасы облыс чемпиондары атанса, 59 спортшы жүлделі орындарға ие болды. 27 спортшы ҚР біріншіліктерінен спорттың армрестлинг, еркін күрес, қазақ күресі, дзю-до, волейбол түрлерінен жүлдегер және жеңімпаз атанды.

         Евгения Гунько армреслтлингтен жастар және әйелдер арасында Әлем чемпионы атанса, Бейсенова Мөлдір дзю-до күресінен жастар арасында Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Бауыржанов Әсет еркін күрестен ірі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанып, жастар арасындағы Әлем чемпионатында 6-орынға ие болды.

         Аудан халқының әл-аухатын арттыру, оларды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 18 түрі бойынша 9137 әлеуметтік мемлекеттік қызметі көрсетілді. Оған республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 1 млрд. 222 млн. 257 мың теңге қаражат жұмсалынды. Атап айтқанда, 2021 жылы күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен 1413 отбасының 7326 мүшесіне 723 млн. 275 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Осы атаулы әлеуметтік көмек алушы жанұядағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1119 балаға жыл ішінде 13428 дана кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік пакеті) және тоқсанына бір рет 4476 дана гигиеналық құралдар берілді. Бұл мақсатта республикалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен 104 млн. 504 мың теңгенің қаржысы жұмсалды.  

         Өткен жыл ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 52 отбасының 109 мүшесіне 1 млн. 588 мың теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді.

         Отын сатып алуға 72 млн. 132 мың теңге қаржы бөлініп, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының 3 мың 51 қызметкеріне (әр қайсысына 8 АЕК көлемінде) әлеуметтік көмек көрсетілді.

         2021 жылы ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оған теңестірілген 89 адамға-7 млн. 739 мың теңгенің, 140 тыл ардагерлеріне – 5 млн. 567 мың теңгенің, Тәжік-ауған және таулы Карабах соғысына қатысқан 27 адамға-2 млн. 630 мың теңгенің, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы орденімен» марапатталған және бұрынғы «Батыр ана» атағын алған 1389 анаға-20 млн. 258 мың теңгенің, кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар 1015 анаға-16 млн. 262 мың теңгенің, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 19 адамға-1 млн. 510  мың теңгенің, өмірдің қиын жағдайына душар болған 50 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына – 4 млн. 456 мың теңгенің бір жолғы материалдық көмегі көрсетілді.

         Мүгедектерді оңалту бағдарламалары бойынша берген өтініштер негізінде 2021 жылы 100 мүмкіндігі шектеулі адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 12 адам сурдотехникалық құралдармен, 32 адам тифлотехникалық құралдармен, 38 адам кресло арбалармен қамтамасыз етіліп, 16 адам сауықтыру шипажайларында емделді.      

         208 мүмкіндігі шектеулі адамдар 17 млн. 269 мың теңгенің міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 45 мүгедек адамға жеке көмекші қызметі ұсынылып, оған бюджет қаражаты есебінен 20 млн. теңге жұмсалынды.

         Үйден тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балаларды материалдық қамту бағдарламасы бойынша 61 балаға 5 млн. 191 мың теңге тағайындалып, төленді. Мүгедек бала күтуші 180 адамға 2 млн. 610 мың теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілді.

         Үйден әлуметтік қолдауды қажет ететін жалғыз басты қарттармен мүгедектерге және 18 жастан асқан психо-неврологиялық ауытқуы бар азаматтар мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету үшін Ақсуат, Ақжар аймақтары бойынша 4 бөлімшеде 91 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Осы осы бөлімшелер арқылы 498 адамға тиісті әлеуметтік көмек түрлері көрсетіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

         «Еңбек «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы негізінде ветеринарлық санитар, аспаз, тракторист-машинист, визажист, маникюр шебері, экскаватор машинисі, автотиегіш машинисі, электргазбен дәнекерлеуші  мамандықтарына 197 адам оқып бітірді.

         Мал шаруашылығын дамыту мақсатында- 69, шағын орта бизнесті дамытуға-55, жиыны 124 адамға 583 мың теңгеден қайтарымсыз грант берілді. Сәйкесінше, қосымша 124 жұмыс орындары ашылды.

         39 адам жастар практикасына, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 247 адам қоғамдық жұмысқа қамтылды.

         Жыл ішінде экономиканың түрлі салаларында 1278 жаңа жұмыс орны құрылып, 614 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

         Ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандардың ұйымдастыруларымен «Қайырымды істер марафоны» ұйымдастырылып, 135 іс – шара ұйымдастырылып, 389 ден астам тұрғынға қаржылай және азық – түлікпен көмектер көрсетілді.

         Аудан бойынша мәдениет саласында 13 мәдениет үйі, 9 клуб, 23 кітапхана және музей жергілікті тұрғындарға мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр.

         2021 жылы онлайн және ресми форматта 1 мың 755 мәдени-көпшілік іс – шара өткізіліп, 250 мың көрермен көрді. Онлайн және ресми форматта 443 іс – шара өткізіліп, 9 мың 794 оқырман қамтылды.

         2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байданысты 816 мәдени көпшілік іс-шара жүзеге асырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауылдық округтер кітапханаларының әлеуметтік желілердегі парақтарында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы-30 кітап» онлайн бейне акциясы жарияланды. 2021 жылдың «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» акциясы бойынша Жыл кітаптарын таңдауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы өткізілілді.

         2021 жылы Үштөбе ауылындағы клуб үйі мен кітапхананың жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 млн. тенге бөлініп, жылу жүйесі жаңадан тартылып, электр энергиясына арнайы қондырғы (ТЭН) қойылды.

         Сондай-ақ, «Ауыл ел – Бесігі» бағдарламасы аясында Ойшілік ауылдық клуб және Қабанбай мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 6 мың теңге бөлінді.

         Ойшілік ауылдық клуб үйінің көрермен залының төбесі жаңартылып, сахнасы кеңейтіліп, едені ауысырылып, ішкі бөлмелеріне әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жылыту құрылғысы орнатылып, ғимараттың сырты қапталып, қоршауы кеңейтілді және шатыры ауыстырылды.

         Қабанбай ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің терезелері,  көрермен залының едені, есіктері, жылу және электр жүйесі ауыстырылып, брусчатка төселді.

         Ақжар ауылдық кітапханасының жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты аудандық бюджеттен 3 млн. тенге бөлініп, ғимараттың 2 қабатының орталық бөліктері алынып, кеңейтілді. Терезесі және ішкі сыртқы есіктері ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары атқарылды.

         2021 жылы жеке және заңды тұлғаларға – 18 мың 233 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 2054-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 16110-і «электронды үкімет порталы», 69-і альтернативті қызмет арқылы көрсетілді.

                Жоғары өткізу қабілеті бар интернетке қосылған ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен ауылдық кітапханалар базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жауапты мамандар бекітілді. Сондай-ақ, облыс әкімі Д.Ахметовтің тапсырмасы негізінде Ақжар және Тұғыл ауылдарына «Ашық әкімдік» фронт-офистері ашылды.

                Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау жолға қойылған. Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 32 адамнан тұратын 2 аудандық, 120 адамы бар 62 ауылдық ақпараттық – насихат топтары құрылған.

         2021 жылы еліміз бойынша бірінші рет ауылдық округ әкімдері тікелей әдіспен (Ақсуат ауылдық округінің әкімі – М.Иманбеков, Жетіарал ауылдық округінің әкімі – С.Қажиекперов, Қарасу ауылдық округінің әкімі – Ш.Муслимов, Маңырақ ауылдық округінің әкімі – Ә.Қожахметов, Көкжыра ьтауылдық округінің әкімі – М.Сүйесінов) сайланды.

                Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес, аудандық «Тарбағатай», «Семей Таңы» газеттеріне тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, қоғамдық белсенді тұлғалардың пікірлері жарияланып келеді. «Хабар», «24 Хабар» республикалық арналары арқылы 8 сюжет шығарылса, «Қазақстан» Ұлтық арнасынан 4 арнайы сюжет, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасына жаңалықтар арқылы 20 сюжет көрсетілді.

         Бүгінгі күнге 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 7 мың 681 адам. Аудан бойынша отбасын құрған  жастар саны жыл сайын  көбейіп келеді. Жас отбасылар арасында ажырасу фактісі 2021 жылы 16 болды.

                «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ветеринария, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік, спорт және мәдениет салаларына жұмысқа келген жас 60 маманға 17 млн. 502 мың тенгенің көтерме жәрдемақысы берілсе, 47 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 188 млн. 147 мың тенгенің бюджеттік несие берілді.

 

                               Құрметті кездесуге қатысушылар!

         Алда атқарылар жұмыс көлемі ауқымды. Мемлекет басшысы қиын күндер артта қалғандығын алға тартып, осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген барша қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдіріп, Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
03 марта 2022