Тарбағатай ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Тарбағатай ауданының 2022-2024 жылдарға

арналған бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 859 573,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 623 889,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7 061,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 228 623,0 мың теңге;

2) шығындар – 4 859 573,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 111 124,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 183 780,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 72 656,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -111 124,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 111 124,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 183 780,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 72 656,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 548 803,0 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде:

Ақсуат ауылдық округіне                       52 448,0 мың теңге;

Ақжар ауылдық округіне                         51 100,0 мың теңге;

Көкжыра ауылдық округіне                     33 453,0 мың теңге;

Қабанбай ауылдық округіне                     26 769,0 мың теңге;

Құмкөл ауылдық округіне                        30 169,0 мың теңге;

Қызыл кесік ауылдық округіне                34 475,0 мың теңге;

Ойшілік ауылдық округіне                       27 653,0 мың теңге;

Тұғыл ауылдық округіне                          41 552,0 мың теңге;

Екпін ауылдық округіне                           25 926,0 мың теңге;

Жаңаауыл ауылдық округіне                    30 786,0 мың теңге;

Жетіарал ауылдық округіне                      30 625,0 мың теңге;

Қарасу ауылдық округіне                         29 736,0 мың теңге;

Кіндікті ауылдық округіне                       24 488,0 мың теңге;

Құйған ауылдық округіне                         27 708,0 мың теңге;

Маңырақ ауылдық округіне                     29 573,0 мың теңге;

Сатпаев ауылдық округіне                       23 567,0 мың теңге;

Ырғызбай ауылдық округіне                    28 775,0 мың теңге.

  1. «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/91-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25825 болып тіркелген) сәйкес аудан бюджетіне әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 2022 жылға 100 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.
  2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 042 837,0 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 10 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы

 

А. Богырбаев

Тарбағатай ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
03 марта 2022