Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2021 жылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызмет түрі болған жоқ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ. Ең көп талап етілетін қызметтер:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөнінде анықтама беру;
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру;
Тұрғылықты мекен жайға тіркеу
ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу
ТУУ туралы күәлік алу
Жоғары өткізу қабілеті бар интернетке қосылған ауылдық округ әкімдері аппараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жауапты мамандар бекітілді. 1700 қызмет көрсетілді. Соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-0, 1500 «электронды үкімет порталы», 50 альтернативті қызмет арқылы көрсетілді.
Білім бөлімінде 2021 жылды аралығында халықты қашықтықтан оқытуды портал арқылы өткізу жоспарланған digitalkz.kz. осы кезеңде цифрлық сауаттылыққа оқытудан 60 адам өтті.
Порталда оқыту 5 оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі: «Ашық үкімет», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «базалық цифрлық дағдылар».