ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Тарбағатайауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы «Сайлау учаскелерiн құру туралы» № 20 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-117 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануға жолдануын; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Т. Конекбаев. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі А.Смаилов Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Закариянов