Дүниежүзілік сайлау күні атап өтілді

2022 жылдың 3 ақпан күні Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған ҚР ОСК республикалық акциясы аясында аумақтық сайлау комиссиялары өңірлерде жас және болашақ сайлаушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру бойынша  «Тарбағатай колледж» студенттерімен «Таңдау және сайлану Конституциялық  құқығы» тақырыбында кездесу  өткізді.

Кездесу барысында  студенттерге еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және жетілдіру тарихы, сайлау заңнамасы және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына еңгізілген өзгерістер  туралы айтылды.

Кездесудің мақсаты – жас сайлаушыларды әр азаматтың сайлауға саналы түрде қатысуының және өз таңдауы үшін жауапкершілігінің маңыздылығы туралы ақпараттандыру.

Кездесу соңында пікір алмасу орын алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022