Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округiнің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге – Айдарбек би  атауы  берiлсiн.
  2. «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ақсуат  ауылдық округінің  әкімі

 

М.Иманбеков

 

 

 

Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы
Дата публикации
20 января 2022